• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Жаңа жылды қарсы алуда. 2018

Жаңа жылды қарсы алуда. 2018

Музей-қорық қызметкерлері жаңа жыл алдында қала мектептерінің балалары үшін Аяз ата және Ақшақармен, торай Хрюшамен, Жалмауыз кемпірмен және басқа да ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған ертеңгіліктер өткізуде. Ол мерекелер музейдің әр жерде орналасқан алаңдарында өтуде.

Балаларды Қ. Қайсенов көшес, 67 ғимаратында жарқырай безендірілген шырша, иллюминация және мерекелік ойыншықтар қарсы алады. Бұл жерде ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі «Қыстың қарлы ертегісі» атты балалар ертеңгілігін өткізуде. Олар Крупская атындағы мектеп-интернат балаларына арналған қайырымдылық мерекесінен бастау алды. Олардың соңын ала қаланың басқа мектептерінің төменгі сыныптары жаңа жылды қарсы алуға келеді. Балалар Аяз атаның бабын табу үшін жүргізушімен бірге Жалмауыз кемпірді көңілдендіре бастайды. Олар тақпақтар айтады, би билейді, Метелицаның жұмбақтарын шешеді. Мерекеге сондай-ақ, Леший мен Кикимор да араласады.

Нақ осы күндері халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар, орыс этнографиясы және Солжағалық кешендегі этноауыл бөлімдерінің қызметкерлері М. Горький көшесі, 59 ғимаратында балаларға арналған ойын-конкурстық бағдарламалар ұсынады. «Жаңажылдық қарбаласқа» балалармен қоса Аяз ата мен Ақшақар, Савельич ер және Хрюша да қатысады. Шыршаны  айнала шырқалған хороводтар, конкурстар мен ойындар... Бұлардың барлығы жаңажылдық қарбаласты көңілді әрі тартымды ете түседі.

Солжағалық кешенге келушілерді де әсем безендірілген шырша қарсы алады.

Ол орталық алаңдағы Киіз үйдің жанына қойылған. Бұл жерде мұз айдыны құйылып, қарлы сырғанақ жасалған. Аталған Солжағалық кешенде қыс бойы зообақ жұмыс істейді.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …