Музей-қорықта көгілдір көктем мен тіршіліктің жаңаратын кезеңі – Наурызды қарсы алуға арналған іс-шаралар жалғасуда. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері балалармен «Наурыз тойында ойна да күл!» атты бағдарлама өткізуде.
Бағдарлама төменгі мектеп жасындағы балаларға лайықталып жасалған. Ертегілік сюжеттің басты айтпағы – мейірімділік қатыгездікпен қанша арпалысса да қашан да мейірімділік үстемдікке ие болады. Солай болғанмен Қысты бейнелеген қаһарлы кемпір ашық та мейірімді жүрекпен өмір сүру әлдеқайда жақсы екенін түсініп, киіз үйдің бас иесі болып табылатын әйелдің қызы, балғын Наурызгүлдің жадын тарқатып жібереді. Ертегілік іс-қимылдың контексі Наурыз туралы әңгімемен өріледі. Балалар музей-қорық қорынан уақытша алынған киіз үймен және оның жабдықтарымен таныстырылады. Сөйтіп, іс-шара барысында олар қазақтың ұлттық ойындарына етене араласып, ән салып, би билейді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|