Музей-қорықта 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында «Соғыс өртіне шарпылғандар» атты фотокөрме өткізіледі. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
«Соғыс өртіне шарпылғандар» атты фотокөрмеде музей-қорықтың суретке түсірушілері Алексей Мазницын мен Сергей Суровтың суреттері қойылған. Олардағы басты кейіпкерлер – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Кеуделері ордендер мен медальдарға толы ардагерлер әне Өскемендегі орталық алаңмен өтіп бара жатыр,, тағы бір суретте Стрелкадағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюда. Ал жандарында Даңқ полкының фотосуреттері. Жастар «Шырақ жақ» атты акция кезінде соғыста көз жұмғандарды еске ала тұрып, қолдарындағы шырақтарды тұтандырады. Көк жүзінде Ұлы Жеңістің хабаршыларындай сан түрлі шарлар қалықтайды. Немерелерін жетелеген ардагерлер. Фотосуреттерде – ардагерлердің соғыс өртіне орана жүріп, кейінгі ұрпағына сыйлаған бейбіт заманы. Олармен қатарлас Ұлы Отан соғысы кезінен сыр шертетін ақ-қара кинодеректі фотосуреттер. Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында өтеді.
Солжағалық саябақтың Әскери кешен павильондарында Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында қаскөй жаумен арпалысқан 109 шығысқазақстандық Кеңестер Одағының Батырына арналған «Өмір үшін өлімге бас тіккендңр» атты тұрақты экспозицияның ашылуы болады. 3 мамыр күні музей қызметкерлері Глубокое ауданының Бобровка ауылында өтетін еске алу Вахтасына қатысады.
Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі мереке қарсаңында өтетін «Енді қалған ғұмырға арналады» атты әдеби-сазды композиция әзірлейді. Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжінің оқушыларымен кездесуге тыл еңбеккерлері шақырылады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|