• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Жаз, күн шуағы және жүз қиял. 2019

Жаз, күн шуағы және жүз қиял. 2019

Жаз шықты, онымен бірге оқушылардың каникулы басталып,  мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы қыза түсті. Осыған байланысты музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі  қызметкерлерінің шаруасы да еселене түсті. Олар балалардың  Солжағалық кешендегі «Ертегі елі» атты ойын-көрме кешенінде төменгі мектеп жасындағы балалармен ойын-танымдық іс-шаралар өткізуде.


 «Жаз, күн шуағы және жүз қиял». 4 маусым күні №8 орта мектептің нөліншіден үшінші сыныпқа дейінгі оқушыларымен  ұйымдастырылған екі сайқымазақ пен жүргізушінің қойылымы осылай деп аталды. Балаларға ойын түріндегі викториналарға жауап беріп, жұмбақтарды шешу, сондай-ақ, арқан тарту мен орындықта отырып, би билеу ұсынылды. Балалардың аталған ойындарды қаншалықты беріле ойнағандарын көрудің өзі ғанибет еді.

 

«Біз музей-қорықпен тығыз жұмыс істейміз, - дейді №8 мектептің тәрбиешісі Кенжегүл Сайлаубекова. – мұндай әріптестікке өте ризамыз. Біздің балалар саябаққа жиі барады, музейдің павильондарын аралайды. Ал ол болса балалар үшін өзіндік бір демалыс, сонымен қатар олар бұл арамен етене таныса жүріп, көптеген жаңа дүниелерді танып-біледі».

 

Жалпы, Балалар қалашығы – балалардың белсенді демалуына барлық жағдай жасалған нағыз көңілді мекен. Бұл жерде әртүрлі жастағы балаларға арналып шағын ойын  формалары жасалған. Ал бірінші қабаттағы ағаш Бекіністе сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі орын тепкен.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

         

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …