Музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері 4 шілде күні «Ульбиночка» балабақшасында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласына қатысты танымдық бағдарлама өткізді.
Балалармен өткен кездесу үлкен экран арқылы астанаға саяхат жасау формасында өтті. Балалар экраннан Бәйтеректі, Ақорданы, бейбітшілік пен келісім сарайын және қаланың басқа да көркем жерлерін көріп, ол картиналарды аталған тақырыпта өлең оқумен өрнектеді. Ал «Думан» ойын-сауық орталығының, атап айтқанда, алып аквариумдардың тұсынан «өткенде» балаларға арнайы әзірленген плакаттардың бетіне өз балықтарының суретін салу ұсынылды. Бөлім әдіскері Любовь Лазарева түрлі ойын элементтерін кіріктіре отырып, бағдарламаны танымдық әрі ойын-сауықтық ете білді. Балалар сурет салды, ептіліктерін байқатты және Қазақстанның бас қаласы жайлы өздері білетін деректерімен бөлісті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|