• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қайырымдылық экскурсиясын өткізді. 2019

Қайырымдылық экскурсиясын өткізді. 2019

Музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залдарында Өскемен қаласының «Өмірдің қиын жағдайларында қалған адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» КММ-сінің қызметін алатындар үшін қайырымдылық экскурсиясы өткізілді. Орталық Белоусовка кентінде орналасқан және оның әкімшілігі музей-қорыққа келу үшін шағын автобус бөлген екен.

Музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкері Любовь Лазарева келушілерді «Біз – Қазақстан халқы» атты тұрақты экспозициямен және «Ежелгі артефактілерден қазіргі заманға дейін» атты көрмемен таныстырды. Оларда Шығыс Қазақстандағы он музейдің  жәдігерлері қойылған. Экскурсия әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар үшін қолжетімді мәдени мұралар әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізілді.

- Біз мағыналы экскурсия өткізгені үшін музей-қорыққа алғыс айтамыз. Мұндай мәдени-әлеуметтік іс-шаралар біздің орталықтың арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне енеді, - дейді Өскемен қаласының  «Өмірдің қиын жағдайларында қалған адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» КММ-нің психологы  Әйгерім Сүгірбаева. – Барлығы өте қызықты болды!

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …