«Марья Моревнада қонақта». 20 қараша күні ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері оқушылармен өткізген театрландырылған ойын бағдарламасы осылай аталды.
«Іс-шарамыздың мақсаты – ең алдымен балалар демалысын танымдық болмыста өткізу, - дейді бөлім әдіскері Марина Борисенко. – Бұл жерде балалардың музей-қорықпен танысуына басты назар аударылды. Өйткені, оларға ертегі арқылы орыс фольклоры туралы түсінік берілді. Театрландырылған бағдарламада сиқырлы домалақ, ұршық және басқа да ертегілер атрибуттары пайдаланылды. Марья Моревна болса Жалмауыз кемпір бойында жақсы сезімдерді оятуға тырысып бақты. Оның бұл талпынысы нәтижелі болды, Жалмауыз кемпір де балалармен бірге көне ертегілерді еске түсіріп, ондағы кейіпкерлердің атын айтатын викториналарды шешті. Қойылымға қатысқан № 10 орта мектебі мектепалды дайындық сыныбының оқушылары викторинаның барлық сұрақтарына жауап берді. Балалар көне ертегілерді жақсы білетін болып шықты.
Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі ертегілермен басқа да оқушыларды таныстыруды жалғастыра бермек.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|