• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Адамдар үшін Отаннан қастерлі ештеңе жоқ. 2019

Адамдар үшін Отаннан қастерлі ештеңе жоқ. 2019

Ақын Владимир Фирсовтың: «Бәрі де өтеді.  Ал Отанның өзгермейтіні ақиқат. Онымен бірге өмір сүреді, оны сүйеді, қамығады, қуанады және Отан үшін жығылып, қайта биікке самғайды. Дауыл артынан кемпірқосақ салтанат құрады, ал бейнет соңынан өмір салтанат құрады!» деген жолдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға өзіндік бір негіз  болған сияқты. Кездесуді 2019 жылдың 11-12 желтоқсан күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бриг» атты жекеменшік бизнес-мектебінің оқушыларымен өткізді.

Ол көпшілікке танымал «Ақылды ұлдар мен ақылды қыздар» атты ойын түрінде өтті. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, оларды өз елінің патриоты болып, өз елін мақтан тұтатын қасиетте тәрбиелеу. Әрине, ондайда балалардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығы да оянары сөзсіз. Оған Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті, тұңғыш ғарышкер туралы және дала символдары - өсімдіктер жайлы сөз сапталатын викториналар жол ашады.  Сондай-ақ, қара алтын – көмірдің отаны ретінде тарихқа енген қала туралы әңгіме де. Бөлім әдіскері  Любовь Лазарева басқа да көптеген сұрақтар қойды.  Атап өтерлігі сол, ол сұрақтардың барлығы 5-7 сынып жасындағы оқушылардың деңгейіне әбден сәйкес келеді. Ал музей-қорықтың тарихшы-қызметкерлерінен тұратын білікті қазылар олардың жауаптарын бағалап отырды. Алдымен іріктеу туры, одан кейін негізгі ойын.

«Бұл өте қызықты», - дейді өз пікірлерін білдірген оқушылар. Ойын аяқталды, ал оған қатысқан барлық оқушы асқан  жігермен «Менің Отаным – Қазақстан» дейді.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …