Музей-қорықтың қор топтамасынан алынып, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы залда қойылған жаңажылдық топтама шынымен де ертегі әлеміне саяхат сияқты. Сонымен қатар уақыт деген ұлыға жасалған өзіндік саяхат. Мұнда ХХ ғасырдың ортасы мен ХХI ғасырдың басында жаңажылдық шыршалар безендірілген ойыншықтар қойылған. Аға буын өкілдеріне тарихқа сапар шегіп, мәселен, өздерінің бала кездерінде шыршаның түбінде тұратын Аяз Ата мен Ақшақарды көру ерекше тартымды болары сөзсіз. Ал ол кішкентай келушілер үшін небір ғажайыптар орналасқан сиқырлы әлем! Көрме-экспозициялық жұмыстар бөлімі біреуінде шырша жанына жиналған Аяз Аталар мен Ақшақарлар, ал екіншісінде аюлар мен пингвиндер, үшіншісінде әртүрлі ертегілердің кейіпкерлері қойылған витриналар жасады. Әрине, мұнда шыршалардың басына қойылатын бес ұшты жұлдыздар және уақытты білдіріп, қатты-қатты соғып тұратын ескі сағаттар да бар. Көрмеде жеке адамдардың топтамаларынан алынған шығармашылық жұмыстар да қойылған. Олар – үй иелері, перілер және басқа да ертегі кейіпкерлері. Сонымен қатар есік қағып, келіп қалған 2020 жылдың, Шығыс күнтізбесі бойынша Тышқан жылының символы да осында. Ол шыршаның түбінде, жаңажылдық мишуралардың ортасында отыр.
«Қыстың жаңажылдық ертегісі» атты көрме ол – жаңажылдық мерекелерге біздің сыйлығымыз», - делінген көрменің аңдатпасында. Келіңіздер, сөйтіп, келе жатқан Жаңа жылдың небір сиқырлар мен армандар орындалатын кезеңінің керемет тынысын сезініңіздер!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|