2022 жылы қаламыздың тұрғындары бірігіп «Ұрпақтар жады мен тағзым» атты онлайн халықтық естелік кітабын жазуға кірісті. Бұл басылымның мақсаты – өткен ғасырдың 40, 50, 60, 70-ші жылдарындағы ұрпақ өкілдері және өзіндік кейіпкерлері бар қызықты тұлғалар ретінде өз отбасының үлкен мүшелері ата, апа, әке, ана, әға, апке және т.б. туралы қала тұрғындарының жақсы естеліктерін жазып, олардың әуесқойлылығы, дүниелік даналықтары жариялау. Кітап өскемендіктердің өскелең ұрпағына арналған. Біздің кітап оларға тек қана қаланың, елдің тарихын оқулықтар мен кәсіби жазушылардың, ғалымдардың, журналистердің батырлар, саяси қайраткерлер туралы жазған мақалалары арқылы емес, қарапайым адамдардың, өз заманында өмір сүріп жатқан, жұмыс істеп жүрген, бала өсіріп отырған қарапайым адамдардың ізгілікпен жылытатын қарапайым әңгімелері арқылы көруге көмектесуі керек. Кітап жастарға жаһандық тарихи үдерістегі туыстық, отбасылық байланыстардың құдіреттілігін сезініп, оны қабылдауға көмектесіп, бұрынғыдан да үлкен туыстық сезімге шақыруы керек.
Туысы туралы әңгіменің формасы мен көлемі ешбір шеңбермен, шарттармен шектелген жоқ. Әрине, қазыналық емес шығармалар және кейбір иллюстрациялық материалдар (отбасылық альбомдардағы фотосуреттердің скриншоттары, тақырып бойынша қызықты құжаттардың көшірмелері) қажет болды. Жазбаша естеліктер жинағын Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері (В.В. Щеглов, С.Т. Жунусова, Л.Б. Лазарева) мәтінді шамалы ғана түзетулер енгізіп, оны ретке келтіру құқығын сақтай отырып, кітаптың жеке тарауын жасады. Авторлардың материалдары осы мақаланың соңында көрсетілген мекенжайлар бойынша кез келген қағаз және электронды тасымалдағышта қабылданды.
2022 жылдың 8 шілдесінде музей-қорықтың ресми сайтында және Facebook желісінде «Естелік кітабының» 1-томы- 30 тарау, еңбек сіңірген қайраткерлер мен қарапайым адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері қарапайым өмір сүрген, соғысқан және еңбек еткен, сол арқылы өз елінің тарихын жасаған жерлестеріміздің тағдыры туралы туған-туыстарының, достарының, әріптестерінің жанды жылы лебіздері жарияланды
2023 жылы Халықтық естелік кітабының 2-томын шығаруға дайындық басталады. Сіздерді осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Сіз болмасаңыз, оны кім жасайды?
Ата-анаңа, туған-туыстарыңа қарап, кеткендерді еске ал. Бір қарағанда, олар қарапайым өмірбаяны бар, жұмысшы, жүргізуші, шопан, үй шаруасындағы әйел сияқты қарапайым адамдар болып көрінеді. Бірақ олар, таңғы 5-те тұрып, зауыттарына, фабрикаларына, фермаларына баратын, тек қана жұмыс істеген, ешқандай ерлік пен жетістіктермен дәріптелмеген, үй шаруашылығымен - отбасылық істермен айналысатын, балаларын оқытты, өсірді, сөйтіп күн өткен сайын еңбектерімен, өмірлерімен Дәуірді құрды, Тарихты жазды. Сізден артық кім оларды жақсы біледі, сізден артық кім қарапайым адамнан керемет адамды көреді және бұл Адам туралы, оның мейірімділігі, даналығы, әуесқойлығы туралы ең қолайлы сөздерді сізден артық кім айтады? Біз үшін – масаттану үшін, ұрпақ үшін –тәлім-тәрбие, абырой.
Отбасымыздың, ата-бабамыздың тарих беттерінен еліміздің тарихын жинақтайық!
Егер жақындарыңыз туралы тарихи әңгімелер болса «Онлайн – Халықтық естелік кітабы «Ұрпақтар жады мен тағзым» жобасының кураторларына жіберіңіз: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 59, 4 кеңсе. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі.
Немесе кураторлардың e-mail поштасына: shcheglov.1964@mail.ru , saule22071972@mail.ru
Ақпарат алу үшін кураторлардың телефондары:
Щеглов Владимир Вадимович 8 747 745 16 65
Жунусова Сауле Тюлюказиевна 8 777 651 19 15
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|