18 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн» акциясы өтеді.
«Музейдегі түннің» негізгі бағдарламасы сан түрлі форматтағы оқиғаларға толы болмақ. Мысалы: сіз Қ.Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратқа жақындаған тұста-ақ нағыз оқиғалардың бел ортасына тап болатыныңыз хақ. Ол жерде қызыққұмар қауымды сәндік-қолданбалы өнерінің шеберлері қарсы алады. Кешкі 19.00-ден 21.00-ге дейін өтетін жәрмеңке-сатылымда қалалықтарға қолдан жасалған бұйымдар ұсынылады. Егер жаңбыр жауып кетсе ол шара ғимараттың ішіне көшіріледі.