• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері «Өткен күннің дидары» көрмесіндегі тарихтың қас-қағым сәттері. 2018

«Өткен күннің дидары» көрмесіндегі тарихтың қас-қағым сәттері. 2018

Рухани жанғыру

20 желтоқсанда музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Д.П. Багаевтың Павлодардағы мемориалдық музей-үйінен алынған «Өткен күннің дидары» атты фотосурет көрмесі ашылды. Онда Дмитрий Багаевтың Павлодардағы Ертіс өңірінде ғұмыр кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен 1929-1931 жылдары түсірген 40-тан астам суреті қойылған.

 

Дмитрий Поликарпович Багаевты (1884-1958 жж.) Павлодардағы Ертіс өңірінің жылнамашысы деп атайды. Омбының кәсіпқой фотографынан тәлім алған ол 1905 жылы Павлодарда тұңғыш кәсіби салон ашады. Алайда, ол тек салонда ғана еңбектенбей, айналасында болып жатқан жайларды суретке түсіру үшін алыс жақтарға экспедицияларға шығып тұрды. Ол 1929-1931 жылдары өз кезеңімен бірге тарих қойнауына кеткен қазақтардың көшпелі өмірін сурет тілінде «сөйлетті». Осылайша музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында ашылған көрмедегі этнографиялық суреттер сериясы пайда болды. Дмитрий Багаевтың фотосуреттері бұған дейін Қарағандыда, Омбы мен  Барнаулда болды. Павлодардағы Дмитрий Багаев атындағы музей-үйдің маманы Надежда Майба аталған көрменің этнографиялық музей-қорықпен мәлени байланыстар орнатудағы маңызы зор екенін атап өтті. Павлодарлық қонақ музейге «Дмитрий Багаев – Павлодардағы Ертіс өңірінің жылнамашысы» атты кітапты сыйға тартты. Музей-қорық директорының көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина өз кезегінде Багаев атындағы музей-үйінің директоры Т.Ж. Адамовқа музей-қорық басшылығы атынан алғыс хат тапсырып, «Әлемге ашық музей» атты кітапты тарту етті.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі Алтай археология және мәдени мұра музейінің басшысы Жаннета Қалимолдина жиналғандарды көрменің ашылуымен құттықтап, Багаевтың фотосуреттерінде сол заманның рухы бар екенін атап өтті. Қымыз дастарханы басындағы қазақ отбасы, киіз үй жанында жайраңдаған бойжеткендер, бала арбасымен қатарласа жүгірген жалаңаяқ  балалар – осы және басқа да фотосуреттер шынымен де өткен күннің дидары болып табылады. Бұлар сондай-ақ, Дмитрий Багаевтың арқасында жақын бола түскен уақыт дидары.

Көрменің ашылу салтанатына өкілдіктің басшысы Ван Шулинь бастаған ҚХР-ның Орта Азиядағы мәдениет және туризм Өкілдігінің қызметкерлері қатысты. Музей-қорық алдағы жылдың басында қытайлық фотосуретшілердің фотокөрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …