• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері Жанар Мәлекбаеваның сәуле мен шаттыққа толы образдар әлемі. 2019

Жанар Мәлекбаеваның сәуле мен шаттыққа толы образдар әлемі. 2019

29 мамыр күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратында Бесқарағай ауданының жас ісмер-шебері Жанар Мәлекбаеваның жұмыстары қойылған көрме ашылды. Көрме Жастар жылына арналған және музейдің «Ең бастысы жайлы дарындылықпен» атты жобасы шеңберінде бастау алды.

П.П. Бажовтың «Малахитті қобдиша» атты ертегісінің кейіпкерлері, А.С. Пушкиннің Салтан патша туралы ертегісінен алынған үш бойжеткен  кешқұрым терезе алдында отырып, тоқыма тоқуда. Памела Трэверстің  повесінің кейіпкері, күтуші-сиқыршы әйел Мэри Поппинс және басқа да ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ, әртүрлі халықтың этнографиялық киімдерін киген өкілдер – «ШҚО, Бесқарағай ауданы шығармашылық үйі» КМҚК директоры Жанар Мәлекбаеваның ізденісті еңбегінің нәтижесі. Ол қуыршақтарды дүкеннен сатып алып, олардан өзінше  кейіпкерлер жасайды екен. Мәселен, ол Пушкин ертегісінен алынған үш бойжеткенді папье-маше тәсілінде жасап, ерекше көркем туындыны дүниеге әкелген. Басқаларымен де дәл солай. Сіз олардан Барбиді таба алмайсыз, өйткені, олардың әрқайсысы қайталанбас образдардан тұрады. Ал олармен қатарлас қабырғада құрақты мозаика техникасында жасалған сәндік панно орын тепкен. Ісмер өзін ұлттық колорит ерекше қызықтыра тартатынын айтып өтті.

Жанар Мәлекбаева Шәкәрім атындағы Семей университетінің химия-биология факультетін, одан кейін психолог мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Сәндік-қолданбалы өнермен Бесқарағайдағы колледжде кітапханашы болып жүргенде айналыса бастаған. Жалпы тігуді әжелері Күлшат пен Мафрузадан және мектепте технология пәнінен сабақ берген  Т. Журавлевадвн үйренген. Алайда, Жанар анасы Айтжамал Қабидоллақызын өзінің ең басты тәлімгері деп есептейді.

Музей-қорықтың өнертанушысы Тамара Быкова көрменің ашылу салтанатында атап өткендей, ісмер-шебердің әлемі сәуле мен шаттыққа тұнып тұр. Ол өзінің қайталанбас шығармашылығымен қазақ халқының генетикалық кодын сақтап және жалғастырып келе жатқан суретшілер қатарына жатады. Көрме тегіннен-тегін «Ең бастысы жайлы дарындылықпен» жобасы аясында қолға алынып отырған жоқ. Оның мақсаты – дербес шығармашылығы барысында ең басты дүниелерді дарындылықпен жеткізе білетін жаңа есімдерді табу.

 Жанар Мәлекбаеваға музей-қорық әкімшілігі атынан алғыс хат тапсырылды. Ашылу салтанатында «Лада» балабақшасының тәрбиеленушілері мен Мұқан Төлебаев атындағы әншілер конкурсының  лауреаты Гүлнар Перкова сазды сәлем жолдады.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …