2010 жылғы . Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорық ғимаратында. «Орыстардың шай ішу дәстүрі» көрме.
Шай өзіндік пайдалы қасиеттерге ие, сондықтан оны қолдану бүкіл әлемде кеңінен тараған. Әр халықтың шай дайындау мен қолданудағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік шай ішу дәстүрлері мен салттары бар. Аталған көрменің негізгі мақсаты – адамдарды ХIХ –ХХ ғасырлардағы орыстардың шай ішу дәстүрімен таныстыру.
Келушілердің назарына ондаған жылдар бойы жинақталған мұражайдың коллекция қорындағы жәдігерлердің 60-тан аса түрлері ұсынылған. 1970-ші жылдары жинақтала бастаған және бүгінгі таңда 155 жәдігерге жеткен самауырлар және қажетті бұйымдар коллекциясы өте қызықты. Олар сыйға тартылған және Өскемен, Риддер, Зайсан, Шемонаиха қалалары мен ШҚО аудандарынан мұражайға сатылған.
Ресейде самауырдың пайда болғаны үшін біз шайға қарыздармыз. Алғашқы шайды Қытайдан көпес Строганов әкелген. Шайды барлық сословиедегі және барлық жастағы адамдар іше бастады. Шай ішу барысында маңызды келісімдер жүргізді, соңғы жаңалықтарды талқылады және демалды. Сондықтан шай ішетін дастарханға көп көңіл бөліп, оның өте жайлы және ыңғайлы болуын қадағалады. Оның ортасында өнер туындысының нағыз үлгісін паш ететін арнайы табақта самауыр тұрды, ал, оның айналасында мәрмәрдан жасалған кішкене табақшалар мен тостағандар немесе әсем әшекейленген металл стақан сауыттар, ақ шайнек, кілегей құятын сауыт, қант салғыш, шайынды кесе, шай сүзгіш, қантқа арналған қысқаш орын алды. Шайға сүт, қант, кәмпиттер, печенье, тәтті тоқаштар, кепкен тоқаштар, халуа қойды.
Орыс самауыры туралы алғашқы белгілі естелік 1746 жылғы Онежский екісыныптық Крестік шіркеуінің мүліктік тізімдемесінде жазылған. Бұл мұрағаттық құжаттың беттерінде басқа бұйымдармен қатар кернейлері мыстан жасалған екі самауыр атап өтілген. Қазір алғашқы самауыр қайда және қашан жасалғаны туралы айту қиын, бірақ ол Петров ғасырында пайда болған және орыс халқының тұрмысына өзгеріс әкелген Ресейдің экономикалық, саяси, қоғамдық және мәдени өміріндегі маңызды реформалармен тығыз байланысты. Самауырлар, шайнектер және басқа да мыстан жасалған ыдыстарды ХVIII ғасырда Оралда және Ярославлде, Мәскеуде, Петербургте, Волгада және Костромада жасай бастады. Бірақ самауырлардың түпнұсқасы шыққан Ресей астанасы Тула болып табылады. Ол жерде өз істерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған фабриканттардың ортасы: Б.Г.Тейле ұлдарымен, ағайынды Шемариндер, ағайынды Воронцовтар пайда болды. Бірақ Ресейдегі «самауырлардың королі» ең танымал Баташевтар екені даусыз. Баташевтардың самауыры танымал болғаны сонша, тіпті Тулада фамилияларының ұқсастықтарын пайдаланып, өз самауырларына «Баташевтардың ісін жалғастырушылар мен мұрагерлері» деген марканы жабыстырып самауыр шығара бастаған ірі, сондай-ақ, шағын ұстаханалар пайда бола бастады. Баташевтардың даңқы туралы сыр шертетін біздің көрмеде шағын жол самауыры ұсынылған, оның қақпағында: «Паров. Самауыр. Фабрика. И.О.Пакин – Туладағы Василий Баташевтің мұрагерінен» деп ойып жазылған.
Самауырды әдетте, алтын-сары түсті жезден - мыс пен қорғасынның қорытпасынан жасаған. Кейде оларды таза қызыл мыстан жасаған. Сондай-ақ, шойынды, қоланы, темірді, мельхиорды, күмісті және мәрмәрді қолданды.
Мыстай жарқыраған үй самауырларынан басқа үстелде шай ішуге арналған самауыр-кофе шайниктер, самауыр-асүй, шағын жол самауырлары, көлемді асханалық самауырлар, керосинді және басқа да самауырлар шығарылды.
«Орыстың шай дәстүрі» көрмесі көрермендерге екі ғасырлық тарихы бар материалдық мәдениетіміз бен дәстүріміздің қызықты да, жаңа беттерін ашуға мүмкіндік береді.
< Предыдущая | Следующая > |
---|