1999 жылғы халық санағы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 24 506 татар, Өскемен қласында – 3 588 татар тұрады.
Көрмеге татар халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсететін 50 бұйым қойылды. Бұлар – отбасылық альбомнан алынған фотосуреттер, араб тіліндегі кітаптар мен ХХ ғасырда шыққан кітаптар, тұрмыстық заттар мен киімдер.
Осы жерден татар Республикасының Президенті М.Шаймиевтің суретін көріп, Татарстан Республикасының рәміздерімен, атрибутикасымен танысуға болды.
Татар халқының рухани байлығын ұлы татар жазушылары мен ақындары М.Жәлелдің, Ғ.Тоқайдың, А.Кутуйдың кітаптары паш етті. Кітаптардың барлығын балаларды оңалту орталығының директоры С.И.Искандерова ұсынды, олар оған анасынан қалған екен. Қазандағы Хусаинов баспаханасынан 1911 жылы шыққан «Каляму шериф» Құранын да ол көзінің қарашығындай сақтауда. Этнографиялық бұйымдардың арасында татар әйелдерінің мерекелік көйлегі мен өсімдіктік өрнекпен зерленген барқыт қалпақ келермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл заттар Р.Х.Фаизоваға ұлы әжесі Миннисадан қалған көрінеді.
ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары барлық қалалықтар секілді татар әйелдері де бөлмелерін түрлі кестелі салфеткалармен, перделермен, төсекаяқтар мен жастық тыстарын бізбен тоқылған тоқымамен әшекейлеген. Бұлардың иелері – Н Жанқұлова, Р.Х.Фаизова, А.Насырова.
Б.М.Құмарова