2003 жылғы 10 наурыздан сәуірдің аяғына дейін мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Біз – Украина халқымыз» атты көрме жұмыс істеді, ол украин халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен украин мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған еді.
1999 жылғы халық санағы бойынша Шығыс Қазақстанда 15696 украин, Өскеменде – 4952 украин тұрады.
Көрмеге қойылған жәдігерлер: Л.И.Меньшикованың, Е.В.Теуттің, Р.Ф.Авдееваның, Г.И.Вознюктің, О.А.Журбаның, Е.Ф.Храмцованың отбасыларында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар.
Көрме Украина Республикасының рәміздерімен және атрибутикасымен таныстырды.
2002 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстанға Украинаның Қазақстан Републикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі В.Г.Цыбенко ресми сапармен келді, облыстық Достық Үйінде онымен украин диаспорасының өкілдері кездесті. Көрмеге осы оқиғаны бейнелейтін фотосуреттер ұсынылды.
Айқас кестемен және тығыз кестемен кестеленген рушниктер мен салфеткаларды Р.Ф.Авдеева мен Л.И.Меньшикова ұсынған. Р.Ф.Авдеева немересіне арнап тіккен балалар көйлегін украин өрнегімен кестелепті.
Е.В.Теут коллекциялық спирттік ішімдіктерге арналған ыдыстарды, вазаларды, кәдесыйлық балтаны, пасхалық украин жұмыртқалары – «писанкаларды» Украинадан әкеліпті.
Бір көрнек ұлы украин ақыны Т.Г.Шевченкоға арналды. Мұнда оның шығармалары; «Кобзарь», «Мала книжка», сондай-ақ фотоашықхаттар, Т.Г.Шевченконың кеуіті назарға ұсынылды.
Келермендер Украина қалаларының схема-картасымен, сондай-ақ украиндардың дәстүрлі киімдерімен танысып, көруге мүмкіндік алды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|