Облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы қалалық Орталық кітапханамен ынтымақтаса отырып «Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге мұражай қорындағы жәдігерлер мен кітаптар, сондай-ақ Ольга Николаевна Черных пен Тамара Львовна Саттарованың жеке коллекцияларындағы сирек кездесетін басылымдар қойылды.
Құжаттардың, хаттардың, фотосуреттердің көшірмелері ШҚОММ дереккөздері негізінде жасалды Бұл аймақтық бөлімді 2003 жылы Т.Карпович дайындаған болатын.
Көрме «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің тарихы жайында сыр шертеді. Әдеби бірлестіктердің тарихын зерттеу ісіне біздің жазушы-өлкетанушы, тарихшы В.И.Деев елеулі үлес қосты. Оның кітаптары мен жарияланымдары да көрнектерден орын алды.
1921 жылы Шығыс Қазақстанда алғашқы «ЗвеноАлтая» әдеби бірлестігі құрылған болатын, ол өлкенің әдеби мұрасын қалыптастыруда үлкен роль атқарды. Николай Анов, Георгий Тотин, Валентина Бехли, Михаил Иванусьев-Алтайский және басқалар әдеби бірлестіктің ұйтқысына айналды.
Г.Д.Гребенщиков Қазақстанның Шығысындағы байсалды прозаның негізін қалаушы болып табылады. Оның Өскеменге келген жылы (1907) қаланың әдеби өмірінің бастау алған шағы деп саналады.
Біздің өлкемізде болған көптеген саяхатшылар, ғалымдар, жазушылар оның бірегейлігін атап өткен. Осы өңір қайталанбас таланттарды берді, өйткені олар Евразиялық қана емес, сонымен қатар әлемдік мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Олардың есімдері – Георгий Гребенщиков, Николай Анов, Александр Волков, Ефим Пермитин, Семен Герасимов және т.б.
Көрмеде атақты жерлестеріміздің кітаптары, олар туралы материалдар назарға ұсынылған.
Петрова Н. П.
< Предыдущая | Следующая > |
---|