2011 жылғы 19 маусымда Солжағалық кешендегі үлкен көрме павильонында «Өткен күндер кереметі...» көрмесі ашылды.
«Өткен күндер кереметі...» экспозициясы ХХ ғасырдың ортасында кереует тұсына құрылатын кілемшелер деп аталған, мұражай коллекциясынан іріктеліп алынған көне заман гобелендерін паш етеді. Сол кезеңде бұл заттар әдемі болып табылды және өте кең тарады. Негізінде, олармен бөлме қабырғаларын әсемдеді, балалар кереуеттерінің тұсына іліп қойды.
Бұл заттар тек әдемі ғана емес, сондай-ақ, олар Өскемен қаласында тұратын және мұражайға гобелендерін берген отбасылар тарихының бір бөлшегі. Гобелен кілемшелер - біздің өлкеміздің және еліміздің жоғалып кеткен өзгеше тарихы.
Гобелен (фр. gobelin) - сәндік-қолданбалы өнерінің бір түрі, ол сюжеттік немесе ою-өрнекті композициялар бейнеленген түксіз қабырғалық кілем.
«Гобелен» сөзі XVII ғасырда Францияда пайда болған. Мұнда 1662 жылы осы саладағы барлық шеберханалардың басын қосқан ағайынды Гобеленовтардың корольдық мануфактурасының ашылуы болды. Гобелендердің алғашқы өндірісі осылай пайда болды.
Алғашында «гобелен» сөзімен ағайынды Гобеленовтардың корольдық мануфактурасында тігілген кілемдер ғана аталды, бірақ кейіннен бұл атау кеңінен қолданыла бастады.
Гобелендер картон бойынша, нақты көлемдегі дайындалған сурет негізінде тігілді. Ұсынылған кейбір гобелендерден көрініп тұрғандай, бір картон бойынша бір-бірінен ерекшеленіп тұратын бірнеше гобелендер жасауға болады.
Ескерте кететін жайт, тоқымалы кілемдер қолмен тоқылды және көп уақытты қажет етті, сондықтан олар өте жоғары бағаланды.
Тек ХIХ ғасырдың басында конструктор Жозеф Мари Жаккар механикалық тоқама станогын жасап шығарды, сол себепті гобелен көптеп шығарыла бастады.
Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін гобелен кілемшелер олжа ретінде жаулап алған Германиядан әкелінді, ал кейіннен жедел түрде әскери қызметін өтеген солдаттар әкеле бастады.
Олжалы кілемшелер сіңіп кетті. Олар 1970-ші жылдарға дейін жаңа иелеріне қызмет етті. Түрлі сюжеттегі гобелендер интерьерге тамаша үйлесіп тұрды. Бұлар барлығымызға таныс ормандағы, тоған жанындағы бұғылардың, бұландардың бейнесі. Аққулар, тау пейзаждары, ауылдық үйлер, ертегі кейіпкерлері бар гобелендер әдемі және таңғажайып қиялдар әлеміне баурап алады.
Честнейшина Н. Н.
< Предыдущая | Следующая > |
---|