• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер республикалық Сақ қорғандарының асыл қазынасы. 2013

Сақ қорғандарының асыл қазынасы. 2013

Открытие выставки

Открытие выставки

2013 жылғы 12 сәуірден бастап «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында мұражай-қорықтың ғимаратында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) Астана қаласындағы Алтын және бағалы металдар  мұражайының қорынан  «Сақ қорғандарының қасыл қазынасы» атты көрме жұмыс істей бастады.

Алтын және бағалы металдар  мұражайы ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жәдігерлер мен құнды артефактілерді бас сақтаушы болып табылады.

«Сақ қорғандарының қасыл қазынасы» көрмесінде екі «Алтын адам» мен Есік және Шілікті қорғандарынан табылған ертедегі көшпенділер дәуірінің бірегей зергерлік бұйымдары мен заманауи зергерлік өнер шеберлерінің этнографиялық коллекциялары, кереметтері назарға ұсынылған.

Алматыға таяу жерде орналасқан Есік қаласының маңындағы қорғанда 1969-70-ші жылдары табылған «Алтын адам» алтын киімді сақ жауынгері болып есептеледі. Ол шамамен – 18 жасар. Қазба жұмыстарына археолог ғалым Кемел Ақышев басшылық жасаған еді.

Открытие выставки

Открытие выставки

Зираттан ертеде бас киімге, киімге, аяқкиімге және қаруға тағылған, табақ алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей, сондай-ақ  алтын жүзіктер және алқалар, күмістен, керамикадан, қола мен ағаштан жасалған түрлі ыдыстар табылды.

2004-2006 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаевтың бақаруымен жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Шілікті қорғанында тағы бір сақ «Алтын адам» табылды – ол ақсүйек әулет өкілі деп саналады.

«Алтын адам»  Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Шілікті аңғарынан табылған болатын. Зайсан ауданының аумағында 200-ге таяу ірі қорған бар, олардың 50-і «патша»қорғаны деген атаққа ие.

Шілікті қорғанындағы патша жерленген моланың ашылуы ХХІ ғасырдың археологиялық сенсациясына айналды және де патша жерлеуінде табылған сүйектер үшінші «Алтын адам» ретінде қабылданды.

Бұл Қазақстанның солтүстік далалық белдеуіндегі ең ежелгі «патшалық» қорған және Еуразия аумағындағы ең көнелердің бірі болып табылады.

Жалпы алғанда, скиф-сақ дәуірі бізге номадтардың көшпелі өркениетінің негізін қалаған мәдениеттің көрнекті ескерткіштерін қалдырып кетті. Сақ қорғандарының асыл қазынасы халқымыздың ежелгі бай мәдениеті, дәстүрі, өнері мен тәуелсіз Қазақстанның қазіргі жарқын күні арасындағы өзіндік бір көпір іспеттес.

 

Открытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставкиОткрытие выставки

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …