Астана, 2006 жылғы 22 қыркүйек – 2007 жылғы 29 қаңтар, (Горький көшесі, 59).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің қорынан алынған көрме мұражай-қорықта екінші рет көрсетіліп отыр.
Бұл көрмеде әлемнің 26 елінің материалдық және көркемөнер мәдениетінің 160-тан астам ғажайып шығармалары: картиналар, мүсіндер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басқа мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларымен, көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесулерінен фотосуреттер қойылған.
ҚР Тұңғыш Президенті музейінің қорынан көрсетілген көрме ұмытылмастай әсер қалдырды. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Тұңғыш Президент музейнің директоры Сағынғали Алма Сағынғалиқызына осы бір баға жетпес құндылықтар мен тамаша өнер туындыларын көруге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіреміз.