2013 жылдың 18 қазанында Қ.Қайсенов көшесі, 67 үйдегі мұражай-қорық ғимаратында «Шығармашылық поэзиясы» көрмесі ашылды
Көрме – мұражай қорық пен көздері нашар көретін мүгедектердің «Благодеяние» қайырымдылық қорының бірлескен жұмысының нәтижесі.
Көрмеге мүмкіндіктері шектеулі шығармашыл талантты жандардың жұмыстары: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, фотосуреттер ұсынылған.
Көздері нашар көретін мүгедектердің «Благодеяние» қайырымдылық қоры 2009 жылы 26 мамырда құрылған. Қордың құрылтайшысы Р.Ш.Баснұқаев. Қордың негізгі міндеті мүгедектерді қолдау және қорғау, экономикалық, саяси және басқа да құқықтарын, Қазақстан Республиккасы Конституциясымен кепілдік берілген бостандығын іске асыруда тең құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мүгедектерді оңалту, қазіргі заманғы қоғамға нтеграция, жұмыс орындарын, құру.
Соңғы жылдары Қор көптеген жобаларды іске асырды.
2012 жылы Қордың Зырян қаласындағы бөлімшесі ашылып, «Философский пароход» шығармашылық бірлестігінің тұсауы кесілді. Оның құрамына ақындар, прозашылар, әншілер, мүсіншілер, СҚӨ шеберлері, суретшілер және актерлер енді.
2013 жылы «В гостях у Зыри» театрландырылған-музыкалық, әдеби клуб-кафе құрылды (Зырян қаласы). Жоба авторлары Р.Баскұнаев және И.Сотников. ШҚО Өнер мұражайында, А.Пушкин атындағы кітапханада, Достық үйінде қайырымдылық концерттер циклі өткізілді. Жамбыл атындағы ШҚО драма театрында Р.Абдрахмановтың «Қараңғы тұс»поэтикалық моно-спектаклі қойылды.
«Благодеяние» қайырымдылық қорының көмегімен 19 мүгедек жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
Қордың алдағы жоспары – мүгедектік және мүгедектердің келелі мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек столдар өткізу.
«Шығармашылық поэзиясы» көрмесі – ауыр сырқат азаматтардың әсемдікке деген талпыныстарына кедергі бола алмайтындығының жарқын дәлелі.
Фото Виктора Коржа
< Предыдущая | Следующая > |
---|