• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы. 2014

Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ғимаратында (мекенжайы Қ.Қайсенов көшесі, 67) «Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы» атты көрме ашылды.

Көрмені мұражай-қорықтың ШҚО азсанды этнотоптары мен халықтарының этнографиясы бөлімінің қызметкерлері жазушы, саяхатшы Анна Федоровна Сурнинамен бірлесіп әзірлеген. Көрме тұсаукесерінде Қазақстанның халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің оқытушылары, халықаралық конкурстардың лауреаттары Гүлнәр Сайфулина мен Лариса Землянскаяның өнер көрсетті. Олар фортепианода төрт қолмен «Еврей әуендерін» және «Арыстан мен Брадобрейді» орындады. № 1 музыкалық мектеп оқытушысы Елена Пилипенко «Махаббат туралы ән»  мен «Мэри» атты екі ән орындап берді.

«Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы» атты көрмеде әлемнің әр елдерінен әкелінген 200-ден астам түрлі-түрлі қолорамал назарға ұсынылған. Бұлар –  алуан формалы және орындау техникасы сантүрлі:  қолдан жасалған немесе фабрикада шығарылған мақта, жібек және синтетикалық қолормалдар. Оларды  Анна Федоровна жарты ғасыр бойы жинаған екен. Қолорамалдар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен және кәдесыйлармен толықтырылған. Олардың арасында авторлық бұйымдар да бар. Мұнда А.Ф. Сурнина жазған кітаптар көрмеге қойылған.

Көрмеде көрсетілген қолорамалдар коллекциясы мұражай-қорыққа сыйға тартылмақ.

Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …