• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Аруларға гүл сыйлаңыздар! 2016

Дарите женщинам цветы! 2016Дарите женщинам цветы! 2016

– Өнердегі әйел тақырыбы ең сүйікті тақырып, әрине басқаша болуы мүмкін емес. Әйел ертеден бері әлі осы күнге дейін тағзым етіп, бас иетін тұлға. Баршамызға таныс – Жер, Отан, Ана, Махаббат және Нәзіктік деген ұғымдардың бәрі әйел затымен тығыз байланысты. Бұл көрме әйел адамды барлық қырынан көруге мүмкіндік береді:  кішкентай қыз бала, бойжеткен, жас келіншек, қамқор ана, әрі дана әже және де осылардың қай-қайсысы болсын керемет. Көрмеге 100-ге таяу еңбек қойылған, олар кескіндеме, графика, мүсін техникасы мен 3D үлгісінде орындалған – дейді мұражай-қорық директорының көрме-экспозиция жұмысы жөніндегі орынбасары Тамара Быкова.

Көрмеге Н.Аштема, Г.Бекбердинова, Н.Малютин, Қ. Қадырбеков, А.Бердюгин сынды қылқалам шеберлері өз туындыларын ұсынды. Көрмеге келушілер А.Мұхамедьянованың, Т.Оспанованың, Е. және Т.Леоновалардың, П. Горячкинаның, Е.Манияровтың, Е.Брагинаның шығармашылығымен алғаш рет таныса алады.

Әйел бейнесі суретші ер адамдарды ғана шабыттандырып қойған жоқ. Дегенмен адамзаттың  күшті бөлігі оларды қызу мінезді және сымбатты етіп көрсете біледі. Суретші Виктор Шевченконың бірқатар картиналарын тіпті алаулы деп атауға болады: ондағы от міндетті тұрғыда кейіпкер болып табылады. Аллегориялы әрі құштар олар ару денесіне гимн айтып тұрғандай. Оның сұлбасын біз тау шыңдарынан, терістіктің құбылған күн сәулелерінен көреміз, ғарыштық ғажайып румбаның па адымдарынан байқаймыз. Шексіз қараңғылық аясында жалын-еркек пен мұз құйын-әйел кездесті.  Қайсар Қадырбековтің «Күй әуені» атты картинасы, керісінше, өте романтикалық болып келген, тұнған лирика, мұны майлы бояудың ашық та жылы реңдері көрсетіп тұр.

Тоғжан Оспанованың картиналарын – Жер бетіндегі әйелдерден кейінгі ең тамаша жаратылыс – гүлдерге арналған гимн деуге болады. Ғажайып мимозаларға, көз жауын алатын құлқайыр мен сондай сүйкімді көктікендерге – қарай бергің келеді, қарай бергің келеді. Сондай-ақ жас суретшінің қылқаламынан туындаған әйел портреті де  есте ұзақ сақталары сөзсіз. «Кофе патшайымы» картинасының кейіпкерін африкалық Нефертити деуге болады. Қараөңді арудың қырынан қарағандағы түрі және атақты египеттік патшайымның тәжіне ұқсас ұлттық бас киімі осындай пікірге жетелейді. Көрмеде, сондай-ақ мұражай-қорық қызметкері Юлия Курдакованың «үлпілдеген» графикасы назарға ұсынылған.

Елена Леонованың «Сакура» триптихінің тартымдылығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осынау бір қызғылт ғажапты әркімнің өзі көріп, сезінуі тиіс.

Қыстың сүреңсіз күндерінен кейін экспозиция картиналары келушілерге таяп қалған көктем лебін сезінуге мүмкіндік береді. БАҚ өкілдерін көрмеден  күш-қуат алып, өздерінің оқырмандарына 8 Наурызға сыйлық жасауға шақырамыз!

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз-қызметі

Мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты

Алексей Мазнициннің фотосуреттері

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …