Жыл сайын музей-қорықта Наурыз мерекесі қарсаңында облыс шеберлерінің қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Бұл жолы да халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі осындай көрмені дайындады.
Облыстың қалалары мен аудандарынан келген шеберлер түрлі материалдардан және әртүрлі техникада дайындалған алуан түрлі бұйымдарды ұсынды. Мұнда ағаштан жасалған қазақтың ұлттық ыдыстары, қазақ, орыс және украин нақышындағы кестеленген бұйымдар (панно, сүлгі, рушниктер, сулықтар, дастархандар), былғарыдан жасалған бұйымдар, шиден жасалған ұлттық бұйымдар (шым ши), тоқылған және алаша, қоржын, сырмақ сияқты киіз бұйымдар болды.
Сондай-ақ, орыс нақышында қоғадан, қайың қабығынан, себет талдан жасалған халықтық бұйымдар, ағаштан, шыныдан және тастан безендіріліп жасалған бұйымдар, сүйектен қашалып жасалған бұйымдар, керамикалық кәдесыйлар, сондай-ақ былғары мен майда моншақтан (бисерден) жасалған заманауи әшекейлер бар. Тастан жасалған зергерлік бұйымдар да ұсынылған.
Музей-қорықтың баспасөз қызметіы
< Предыдущая | Следующая > |
---|