Музей-қорықтың Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 А мекенжайда орналасқан Солжағалық кешенінің көрме залында музей сәулетшісі Виктор Шевченконың «Шабытымды шалқытқан туған қалам» атты дербес көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден ескі және жаңа Өскеменнің, Солжағалық музей кешенінің, Самал саябағының көлемді макеттерін, сондай-ақ, қаланың бүгінде мүлде жоғалып кеткен, төңкеріске дейінгі сәулетінің эскиздік жобаларын көре алады. Өнертанушы Тамара Быкова жазғандай, «Виктор Шевченко сәулет кеңістігінде өткен мен нақты әлемдер бейнелерінің тамаша диалогында екі дүние жасайды, бірақ іс жүзінде бұл армандар тоғысатын қала.Бәлкім, В. Шевченко өз картиналарында болашақ ұрпақтар өмір сүретін байтақ әлемді ойлап тапқан болар. Кім білсін».
Көрмеге келгендер Виктор Шевченконың армандаған қаласын көріп қана қоймай, онда қойылған барлық нәрселерден шабыт алады. Көрме залы музей-қорықтың Солжағалық кешеніне мешіт жағынан кіреберістің алдында орналасқанын нақтылаймыз. Жұмыс уақыты: сейсенбі – жексенбі күндері, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Демалыс күні – дүйсенбі.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын