• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Еврейлер Қазақстан жерінде. 2003

Еврейлер Қазақстан жерінде. 2003

2003 жылғы 5 қазанда облыстық этнографиялық мұражайда (қазірде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы) «Еврейлер Қазақстан жерінде» деген көрме ашылды, ол Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстан Республикасындағы «Мицва» қауымдастығының, Алматы қаласындағы қоғамдық «Римон» еврей орталығының, Өскемен қаласындағы «Фаина» хэсэдінің жәрдемімен және қолдауымен ұйымдастырылған болатын.

Экспозиция мақсаты – еврей халқының тарихы, оның мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігі туралы әңгімелеу. Мұнда иудаизмнің құлшылық жасау заттарын (шофар, талит, менору, ханукию және басқалар) көріп, иудейлердің Мәңгі кітабы – Тораны тамашалау мүмкін болды. Олардың көпшілігі облыста бірінші рет көрсетілді.


Материалдардың көпшілік бөлігі (фотолар, мұрағаттық құжаттар, кітаптар) Шығыс Қазақстан облысы аумағында еврей диаспорасының пайда болуы жайындағы мәселені ашу тақырыбына арналған. Экспозицияның бұл бөлімі Семей қаласында 1913 жылы салынған синагога, ескі еврей зираты жөніндегі ақпаратпен таныстырды. Көрмеге «Адрес-календарь» анықтамалық басылымы [1913 жыл] ұсынылды, онда синагоганың алғашқы қазыналық раввині – Кива Ицкович Рабиновичтің есімі аталады.

Көрме оқытушыларға, студенттерге, оқушылар мен көпшілік келермендерге арналды.

Нина Крутова

 







 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …