2003 жылғы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайда (мұражайдың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты). «Иерусалим келбеттері» атты фотокөрме ашылды. Көрмеге ұсынылған туындылардың авторы Самарқанд қаласының тумасы, бүгінде Израильде тұратын белгілі фотосуретші Михаил (Марк) Левит болып табылады. Оның шығармашылық өтілі – 35 жыл. М.Левит – халықаралық көрмелерге (АҚШ, Англия, Франция, Чехословакия, Польша, Сингапур), сондай-ақ бірқатар дербес көрмелерге (АҚШ, Израиль, Украина) қатысқан. Еңбектері көптеген газеттер мен журналдарда жарық көрген. НТВ арнасында оның шығармашылығы туралы фильм екі рет көрсетілді. М.Левит израильдік орыс тілді «Вести» газетімен ынтымақтастық жасасуда. Таяуда фотосуретшілер арасында өткен интернет-жарыстың финалшысы болды, оған 1,6 миллион автор қатысқан екен.
Оның еңбектерін бірқатар тақырыптарға бөлуге болады: «Иерусалим келбеттері», «Таңғажайып кескіндеме», «Қабырға», «Көне қала» және басқалар. Объектив ұстап алып, пленка сақтап қалған қас қағым сәт қана көз алдыңызда тұрғанымен Сіз фотосуреттерге қарап тұрып әлемнің өзгермелі де санқырлы болып келетін бүкіл симфониясын сезінесіз.
«Мен түсіргенімнің бәрін ұнатамын», - деді Марк Левит бір сұхбатында. Бірақ ол мұны айтпаса да болатын еді: мәңгі қаланың әрбір түсіріп алынған келбетінен кейде реніш пен мұң аралас сүйіспеншілік көрініс беріп тұрады – олар бозбала мен бойжеткеннің құшақтасуы, ұйқы құшағына бой ұрған Иерусалим немесе Жылау қабырғасы жанындағы жас жігіттің қайғыдан иілген иықтары, бақытты ғашықтар немесе көше музыканты. Даналықтың, қуаныштың, қайғының... келбеттері. Бұл фотокартиналар өмірдің әрбер сәтімен қауышқандықты түйсінудің таңғажайып сезімін береді!
Көрмеге алғашқы келгендер үшін Бүкіл дүниежүзілік «Сохнут» еврей агенттігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Шломо Азаров экскурсовод ролінде болды.
«Израиль келбеттері» – бұл суретшінің жан-дүниесі, «жерұйықтың» жылуы мен адам сұлулығы. Ол бәріміздің білуімізді және түсінумізді қажет ететін дүние.
Нина Крутова
< Предыдущая | Следующая > |
---|