Апат зардаптарын жою үшін Чернобыль аймағына Шығыс Қазақстан облысынан 3000-нан астам жюшылар жіберілді, олардың арасында Ертіс құрылыс басқармасының (ИУС), «Промсантехмонтаж» және «Промэлектромонтаж» басқармаларының, Үлбі металлургия зауытының (ҮМЗ), 22-медсанбөлімінің жоғары білікті таңдаулы мамандары мен запастағы әскери қызметшілер болды.
Бұлар түрлі мамандық иелері – құрылысшылар, жүргізушілер, дезактиваторлар, медиктер, аспаздар және басқалар. Олар қажырлылықпен еңбек етіп, өздерінің алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқарып шықты. Қажырлы еңбегінің арқасында олар радиоактивті элементтердің планета бойынша одан әрі тарауын тоқтатты. Өздерінің жоғары азаматтық борышын адал атқарған олардың көпшілігі сәуле дертіне шалдығу салдарынан бұл дүниеден ерте озды.
Чернобыльге ҮМЗ-ден аттанған жоюшы В.В.Фоос осы ерлік еңбек туралы сыпайы түрде былай деген-ді:
«Біз алдымызға қойылған басты міндет – апат салдарын жоюға көмек көрсету міндетін шешуге қажеттің бәрін істедік. Бұл жерде бір-бірімізге деген тілектестік пен белсенділік қана емес, сонымен қатар өзара қолдау көрсету маңызды роль атқарды. Осы қарым-қатынастар жолдастар, бір-бірімізге жақын адамдар ретінде бізді әлі күнге дейін жақындастыруда. Өзара жасалған көмек пен қолдау біздің берілмеуімізге, тек алға басуымызға көмектесті».
1986 - 1992 жылдар аралығында жоюшылар санын 600 000 адам құрады, сондай-ақ миллионнан астам адам 30 километрлік аймақтағы жұмыстарға тартылған болатын және радиация әсерінің салдарынан олардың денсаулығы зардап шекті.
Жоюшылардың қажырлы еңбегі арқасында алып Чернобыль Саркофагы тұрғызылды, АЭС-тің төртінші блогындағы жарылыс кезінде сыртқа шыққан радиоактивті элементтердің планета бойынша одан әрі таралуын тоқтату үшін аймақты дезактивациялау жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Саркофаг өзінің масштабы және құрылыс күрделілігі жөнінен Ұлы египет пирамидаларына бара-бар болып табылады.