Әскери техника – құрлықтағы әскерлердің, әскери-әуе және әскери-теңіз күштерінің, әуе шабуылынан қорғану және әуе-десант әскерлерінің қару-жарағы мен жабдығында болатын әскери және қосалқы құралдар жиынтығы. «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға» атты экспозициясы бар Жеңіс павильонының (Жамбыл атындағы саябақ) жанына 2005 жылы әскери техниканың 1938-1943 жылдарғы үлгідегі 5 бірлігі мен 1960 жылғы, 1970 жылғы үлгідегі техниканың 3 бірлігі қойылған болатын, оларды музей-қорыққа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі берген еді. 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына орай «Шығыс» аймақтық командованиесі әскерлері қолбасшысының басқармасы (қолбасшысы генерал-майор В.Н.Рысбаев) қосымша 1938-1970 жылдарғы үлгідегі әскери техника берді. Әскери техника мұражай-қорықтың Сол жағадағы Әскери кешенінде орналастырылды. Азат етуші-сарбазға ескерткіш
1938-1970 жылдарғы үлгідегі әскери техника аллеясын композиттік қоспадан (цемент, құм, сұйық шыны, ПВА желім) орындалған азат етуші-сарбаз ескерткіші ашып тұр. Монумент графит қосылған битум лажымен жабылған. Монумент авторы – Қазақтан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Владимир Борисович Самойлов. 2010 жылғы 8 мамырда ашылды.
Әскери кешендегі Әскери техника аллеясы
2010 жылғы 8 мамырда ашылды.
85-мм дивизиялық және танкке қарсы зеңбірек Д-44 1944 жылғы үлгі, КСРО Кеңестік артиллериялық қару. № 9 зауыттың («Уралмаш») КБ-сында бас конструктор Ф.Ф.Петровтың басшылығымен әзірленген. 1944 жылдың екінші жартысында бірқатар жетілдірулерден кейін мемлекеттік сынақтан өткізілген. Қарулануға 1946 жылы алынған. 1946 – 1954 жылдары № 9 зауытта («Уралмаш») 10 918 қару жасап шығарылған. РФ ӘК қаруында Д-44 әлі күнге дейін бар. Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Салмағы – 1,725 кг Ұзындығы – 8,34 метр Оқпанының ұзындығы – 55,1 калибр
76 мм дивизиялық және танкке қарсы зеңбірек ЗИС-3 1942 жылғы үлгі, КСРО Бас конструкторы – В.Г.Грабин, өндіруші бас кәсіпорын – Горький қаласындағы № 92 артиллериялық зауыт. ЗИС-3 Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарылған және ең көп тараған кеңестік артиллериялық қаруға айналды, бұл қаруды мамандар Екінші дүниежүзілік соғыстың ең таңдаулы қаруларының бірі деп таныды. Соғыстан кейінгі уақытта Кеңес Армиясының қарулануында болды, сондай-ақ бірқатар елдерге белсенді түрде экспортқа шығарылды. Олардың біразы сонымен қазіргі уақытқа дейін қаруланған. Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Оқпанының ұзындығы – 51,6 калибр Қарудың ұрыс жағдайындағы салмағы – 1200 кг Барынша алыс ату қашықтығы – 13,29 км 85-мм танкке қарсы зеңбірек (Д-48) 1948 жылғы үлгі, КСРО
№ 9 зауыттың («Уралмаш») КБ-сында Ф.Ф.Петровтың басшылығымен 85-мм дивизиялық Д-44 зеңбірек базасында жобаланған. Д-48-дің тәжірибелік данасы 1948 жылғы 31 желтоқсанда тапсырылды. Полигондық сынақтары 1949 жылдың бірінші тоқсанында өтті, бірақ 399-шы оқ атылғаннан кейін сынақ тоқтатылды, өйткені аузының жоғары тиімділікті тежегіші «топты мертіктірді». Сынақтар қайтадан басталып, 1949 жылдың маусым айына дейін жалғасты. Д-48-дің жаңа үлгісі 1950 жылдың сәуір айында аяқталды, 1953 жылы қарулануға қабылданды. Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Салмағы – 2,35 т. Ұзындығы – 9,195 метр Оқпанының ұзындығы – 74 калибр Барынша алыстығы – 18970 метр
100-мм танкке қарсы зеңбірек (Т-12) 1961 жылғы үлгі, КСРО
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Ұрыс жағдайындағы салмағы – 2700 кг Атысының барынша алыстығы – 8200 м Жүрісінің ені – 1479 мм
120-мм миномет (ПМ -120) 1938 жылғы үлгі, КСРО
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Ұрыс жағдайындағы салмағы – 275 кг Барынша атыс алыстығы – 5700 м Жарықшақтық-фугастық мина салмағы – 15,9 кг Минаның бастапқы барынша үлкен жылдамығы – 272 м/сек
122-мм БМ-21 «Град» 1965 жылғы үлгі, КСРО
«Град» қондырғысы таяу жердегі тактикалық тереңдікте орналасқан тірі күшке және броні жоқ техникаға соққы беруге арналған.
122-мм гаубица М-30 1938 жылғы үлгі, КСРО
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Оқпанының ұзындығы – 2800 мм; 22,7 калибр Қарудың ұрыс жағдайындағы салмағы – 2360-2500 кг Оқ жолының биіктігі – 1200 мм
152-мм гаубица (Д-1) 1943 жылғы үлгі, КСРО
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Оқпанының ұзындығы – 4207 мм; 27,7 калибр (оқпан аузының тежегіші бар) Оқпан өзегінің ұзындығы – 3527 мм; 23,1 калибр Қарудың ұрыс жағдайындағы салмағы – 3600 кг Оқ жолының биіктігі – 1240-1275 мм
152-мм гаубица-зеңбірек «Хитин» (Д-20) 1955 жылғы үлгі, КСРО
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Оқпанының ұзындығы – 8,69 м (26 калибрге таяу) Қарудың жорық жағдайындағы жалпы ұзындығы – 7,558 м Қозғалыс жылдамдығы: шоссе бойымен сағатына 60 км, дала жолдарымен сағ. 20 км
БМ-21В «Град-В» дүркінді оқ атудың авиадесанттайтын реактивтік жүйесі, (В - әуе-десанттық) 1967 жылғы үлгі, КСРО
Әскери машина (БМ-24) 1950-ші жылдарғы үлгі, КСРО
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Салмағы - 9,2 т Калибрі - 240 мм Ату алыстығы - 11 км
Жаяу әскердің БМП-1 әскери машинасы Мотоатқыштар және мотожаяу әскерлердегі шынжыр табанды броньдалған машина. Бронетанктік техника түрлерінің бірі болып табылады. Күшті жоюшылық қасиетке ие және оқ атуды басқаратын аспаптар кешені бар. Құрлық пен суда жақсы жылжиды, өтімділігі жоғары. Зеңбірегі және 1-2 пулеметі бар. Машинадан шықпай-ақ ұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Әскери салмағы – 12,6 тонна Экипажы – 2-3 адам, 8-9 мотоатқыш Зеңбірек калибрі – 73 мм Ең жоғары жылдамдығы – 65 км/сағ.
Броньдалған барлаушылық-шолғыншылық машина БРДМ-2
Салмағы – 7 тонна.
Зенит зеңбірегі - сүйреуге алынатын зеңбірек 37-мм 1939 жылғы үлгі, КСРО
Ол автоматты, оқпанның кері серпілуі принципі бойынша әрекет ететін және тік сүйір бекітпемен бекітілетін қару болып табылады. Зеңбірек бекітпесі бар оқпаннан, көздеу механизмдері бар люлькадан, кері серпуге қарсы қондырғыдан, лафеттің тұғыры бар жоғарғы станогынан, салмақ теңестіретін механизмнен, лафеттің төменгі станогынан, шассиі мен АЗП-37 көздегіштен тұрады.
Кемелік бомба атқыш Субетілік кемелердің тереңдік бомбамен сүңгуір қайықтарды атуына арналған қайыққа қарсы қолданылатын қару
Танкке қарсы зеңбірек ЗИС-2 1943 жылғы үлгі
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Калибрі – 57 Оқпанының ұзындығы – 73 калибр Қарудың ұрыс жағдайындағы салмағы – 1250 кг Ату қашықтығы – 8400 м
Град-1" 9К55 дүркінді оқ атудың реактивтік жүйесі (ЗиЛ-131 базасындағы 9П138)
«Град-1» РСЗО 9К55 құрамына енетіндер: - 9П138 әскери машина - 122-мм басқарылмайтын реактивті снарядтар (НУРС) - 9Т450 көліктік машина - 9Ф380 арнаулы арсеналдық жабдық жиынтығы - оқу-жаттығу құралдары
Т-62 орта танкі
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары: Салмағы – 37 тонна Экипажы – 4 адам Зеңбірек калибрі – 115 мм Пулемет калибрі – 7,62 мм Ең жоғарғы жылдамдығы – 50 км/сағ. |
|
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз
Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …