• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Балалар жақсы тынығып жатыр

Балалар жақсы тынығып жатыр

Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері өз жұмысына кірісіп кеткеніне де біраз уақыт болып қалды.

Лагерьде балалардың тынығуы үшін барлық жағдай жасалған. Балалар денсаулықтарын қалыпты ұстау үшін әртүрлі жаттығулар жасаумен қатар тоғайлы көгалға, тау бөктеріне саяхаттарға күнделікті шығып тұрады. Лагерь басышысы Ч.Исекенова, тәрбиешілері Г.Бобко, А.Құсайынова және лагерь психологы Ф.Базанова, мектеп кітапханашысы Н.Қыдыралинова, медбике Г.Змеенко балаларды жалықтырмау үшін күнделікті бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі сайыстар мен ойындар ұйымдастырып жүр.

Биыл балалар Өскемен қаласындағы көрікті жерлерді аралап, сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығын көріп қайтты. Балалардың қуанышында шек жоқ. Бірі көрген аңдар мен құстар туралы айтып жатса, екіншісі этноауылдағы әр ұлттың салт-дәстүрлері туралы айтып, өз пікірлерін білдірді.

-  Балалардың тазалығы, дұрыс тамақтануы үшін бар күшін салған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің маманы С.Саяқоваға, күнделікті тәтті де дәмді тағамдарымен балаларды қуантатын мектеп аспазшылары Е.Кәкімжанова мен М.Уәлиеваға рақмет айтамыз.  Балаларға қолымыздан келгенінше мереке сыйлағанымызға қуаныштымыз, - дейді Герасимовка орта мектебінің директоры А.Оралбаева.

Шығыс-Ақпарат

г. Дидар, 2011 ж., 7 шілде

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …