No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2022 жылғы 17-21 қазан аралығында Ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Ш.М. Карибаева, Асыл А. А., Амангелді А. Қазақстан Республикасы күніне орай № 23, 29 қаланың орта мектептері үшін викторина және тапсырмалары бар, республикамыздың көрікті жерлері жайында, "Қазақстан қалаларына саяхат" танымдық экскурсиялар өткізді.

 

 

2022 жылдың 19 қазанында, «Самал» саябағының аумағында Республика күніне арналған «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясы өтті. Шара экологиялық мәдениет дәстүрлерін, жерге деген сезімталдықты насихаттауға бағытталған. Музей қызметкерлері қыркүйек айында отырғызылған алма көшеттерін қыс мезгіліне дайындау жұмыстарын жүргізді. Жабылатын материалды (қапшық) қала кәсіпкері Сергей Бродский берді. 200-ден астам ағаш қысқы «киім» алды.

 

 

2022 жылдың 26 ​​қыркүйегінде ШҚО музей-қорығы ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш.М. Карибаева мен А. Амангелды Санкт-Петербург (Ресей) мемлекеттік орыс музейімен ынтымақтастық және серіктестік аясында Өскемен қаласындағы «Орыс музейі: виртуалды филиалының» 15 жылдығына арналған халықаралық телекөпір ұйымдастырып, өткізді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан этнографиялық музей-қорығы базасында Ресей музейінің виртуалды филиалы Қазақстандағы бірегей болып табылады. «Орыс музейі: виртуалды филиал» жобасы бойынша біздің музейлердің ынтымақтастығы Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, әлемнің 30-дан астам елдерімен – осы іс-шараға қатысушылармен толеранттылықты дамытуға және мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ауқымды халықаралық жоба.

 

2022 жылдың  10 қыркүйегінде  неміс мәдени орталығы музей-қорық қызметкерлерімен бірлесіп, музей-қорықтың Солжағалық  кешеніндегі этноауылда Шығыс Қазақстан немістерінің  «Видергебурт» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды. Фестивальді Ольга Штрауб жетекшілік ететін камералық оркестр ашты. Мәртебелі қонақ – ақын, өлкетанушы, коллекционер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров болды.

 

2022 жылдың 9 қыркүйегінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалым-қатысушылар «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінің аумағында болды. Топ жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, археолог З.С. Самашев әріптестерін Ақбауыр І, Ақбауыр ІІІ елді мекендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды

 


Страница 12 из 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 832
Статьи : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …