

Өскемен қаласындағы Қ. Қайсенов атындағы этнобақта «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Туған өлкемізді бірге безендірейік» атты акциясы өтті.
Акцияға қатысушылар, яғни қолөнершілер, өзінің туған жерін аялайтын, оған бей-жай қарамайтын қала тұрғындары, сондай-ақ балалар мен оқушылар идея бастамашылары мен ұйымдастырушылардың ағаштарды өз қолдарымен жасалған бұйымдармен безендіру туралы ұсынысын құп алды. Этнобақта болған көптеген адамдар тоқылған бұйымдармен безендірілген ағаштардың бірін көріп, ұйымдастырушылардың атына өздерінің жылы лебіздерін білдірді.






