
Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің ғылыми қызметкері Жадыра Тоқтарбекқызы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Өрнекке толы құрақ» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – дәстүрлі қолөнерді дәріптеу, жастарды рухани дамыту және ұлттық мәдени мұрамыздың құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.
Іс-шара барысында құрақ өнерін насихаттап жүрген «Аламан құрақ» жобасының қатысушылары Айжан Умбетова мен Асель Абиева өз шеберліктерін көрсете отырып, студенттерді құрақ құрау қолөнерімен таныстырды. Ұйымдасытрушыларға университет тарапынан арнайы сертификаттар табысталды.








