Татарлар саны бойынша Ресей Федерациясындағы екінші және мұсылман мәдениетіндегі халықтардың ішінде саны ең көп халық болып табылады. 1989 жылғы халық санағы бойынша ТМД аумағында 7 миллионға таяу татар тұрады. Олардың ішінде 5,5 миллионнан астамы – Ресей Федерациясын мекен етеді.
Татарлар – көшіа-п-қонуға жақын халықтардың біріне жатады. Қазіргі кезде татарлар Татарстан халқының жартысынан сәл ғана асады. Жердің жетіспеуінен, өз жерінде астықтың жиі шықпай қалуынан және дәстүрлі түрде саудаға жақын болғандықтан олар 1917 жылға дейінгі кезеңнің өзінде Ресей империясының түрлі аймақтарына, соның ішінде Орталық Ресей губернияларына, Донбасқа, Шығыс Сібір мен Қиыр Шығысқа, Солтүстік Кавказ бен Закавказьеге, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныс аудара бастады.
Көптеген тарихшылардың пікірінше, татарлар бірыңғай әдеби тілі мен іс жүзіндегі ортақ ауызекі тілі бар халық ретінде алып түрік мемлекеті – Алтын Орда өмір сүрген кезде қалыптасты. «Татарлар» атауы «Алтын Орданың» көптеген түркітілді әскербасылары шыққан «Тата» деген ықпалды үлкен тайпаның атауынан шыққан деген тарихшылардың пікірі бар.
Татар этносы орыс этносымен қатар пайда болған. Іс жүзінде, қазіргі заманғы татарлар славяндардың түркітілді бөлігі болып табылады, аумағының үлкен бөлігі Шығысқа таяу болғандықтан олар православиені емес, исламды таңдады. Діндар татарлардың 99% – бұлар ханафит бағытындағы мұсылман-сунниттер.
Дәстүрлі киім көпғасырлық тарих ішінде өзіндік ерекшеліктерді, соның ішінде халықтың эстетикалық идеалын білдіретін өзінің жарқын көркем тілін дүниеге келтірді.
Халықтың өмірімен тығыз байланысты дәстүрлі киімді жалғыз адамның емес этникалық қауымдастықтың дүниеге келтіруі оның ерекшелігі болып табылады. Сондықтан оның негізгі элементтері пішіні бойынша бүкіл осы қауымдастық үшін бірдей болды және анық байқалатын этникалық сипат алды. Кедейлер мен байлардың киімі, күнделікті және мерекелік киім тек мата сапасымен және әшекейлерімен ерекшеленген-ді.
Киімнің және оның жергілікті ерекшеліктерінің қалыптасуына аумақ факторының (табиғат, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар және қоршаған этникалық орта) маңызы зор. Мәселен, Ока-Сура алқабындағы татар халқының (мишарлар) этностың негізгі бөлігі – қазан татарларынан аумақтық алшақ орналасуы оларда жалпыэтникалық киіммен бір кезде жергілікті ерекшеліктердің қалыптасуына ықпалын тигізді. Бұл – ең алдымен, әйел киіміне қатысты, мұның өзін бір жағынан әйелдердің тұйық ортада өмір сүруімен түсіндіруге болады. Бұл орайда дәстүрлі киімнің дамуына діннің үлкен ықпал жасағанын естен шығармаған жөн, ол адамның жеке өміріне еніп, оның киіміне де белгілі бір із қалдырып отырды. Татар-кряшендердің дәстүрлі киімінің дамуы жалпы татар киімінің дамуымен бір арнада болмауы осымен түсіндіріледі.
Ерлер киімінде ХХ ғасыр басында тараған стильге сәйкес келетін ойма жеңі (қолтығына қиық салынбаған) бар біраз қысқартылған жейде, арқасы қыпша келген қысқа камзол, қысқа кәзекей, жалпыевропалық үлгідегі шалбар, баста – қара барқыттан тігілген төбесі жайпақ тақия болған. Аяқтарына читек- кэвеш немесе штиблет киген. Еділ-орал татарлары ерлерінің дәстүрлі киімі жергілікті ерекшеліктерді аз сақтап қалған, мұның өзі негізінен киімнің бөлшектерінен: жағасының қалай пішілгенінен, костюмнің көне үлгілерін (ұзын жейде, ұзын камзол және т.б.) жеке топтардың көбірек ұстанатынан, костюмде көршілерден алған элементтердің болуынан байқалады.
Ерлер костюмінің кез келген дәстүрлі ансамблінің негізін жеңіл зығыр және мақта матадан тігілген жейде мен шалбар құрайды. Пішу ерекшеліктері бойынша ерлер жейдесінің ХІХ ғасыр ортасы – ХХ ғасыр басында екі үлгісі болды: 1) туникаүлгілі – иығында тігіс жоқ, қолтығына қиық салынған және бойына жалпақ қиық қосылған; 2) қиғаш қиылған иығы тігісті және жеңге арналған дөңгелек кең оймасы бар жейде.
Татар костюмінің негізгі құрамды бөліктерінің жарасымды үйлесімі керемет сәтті шыққан әрі эмоциалық жағынан жарқын шешім тапқан. Мұның оның классикалық үлгілеріне ғана емес, сонымен бірге түрлі аумақтардағы барлық халықтық (шаруалардың) костюмге қатысы бар. Дәстүрлі киімнің халықтық шығармашылықтың қазынасы деп айтылуы тегін емес.
Еттен, сүттен және өсімдіктен әзірленетін дәстүрлі астары – қамыр тілімдері (токмач – кеспе, чумар) қосылған көже, быламық, ашытылған қамырдан пісірілген нан, қатырма (кабартма). Ұлттық тағамдары – түрлі салындысы бар бәліш (бялеш), салынды көбінеки ұсақтап туралып, тары, күріш немесе картоп араластырылған ет болады (перемяч). Қақталған қаз (каклаган каз) жеңсік ас болып саналады. Сүт тағамдары – қатық, қаймақ, ірімшік. Сусындары – шәй, айран.
Б.М.Құмарова