• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Мордвалар

Мордвалар Ресей Федерациясы Мордовия Республикасының негізгі халқын құрайды. Мордвалар: мордва-эрзю және мордва-мокшу болып екі негізгі топқа бөлінеді. Мордва тілі урал тектес тілдердің финн-угор тобының еділ тармағына жатады.

Діні – православиелік христиандар.

Дәстүрлі кәсіптері: егіншілік және мал шаруашылығы.

Дәстүрлі тұрғын жайлары – ағаш үй.

Мокшу әйелдерінің дәстүрлі костюмінің негізі ақ кенептен тігілген көйлектен (панар) тұрады, ол кестемен молынан әшекейленген, онда сары және жасыл теңбілі бар қызыл, қара, көк түстер басым болып келеді. Эрзю әйелдері салт-дәстүрлік көйлек (пакай) киген, ол тұтастай кестеленген. Сыртқы желбегей киім ақ кенептен шапан түрінде тігілген. Әйелдердің костюмі металдардан, ұсақ моншақтан, тиын ақшалардан, ұлулардан тұратын әшекейлермен толықтырылған. Ежелгі аяқкиім – қиғаш тоқылған шәркей.

Дәстүрлі ас мәзірі – қышқыл нан, тарыдан және қара тарыдан  пісірілген сұйық быламық, ішіне қырыққабат, кептірілген саңырауқұлақ салынған бәліштер, пісірілген ет, шошқаның тұздалған майы (сало), ірімшік, ашыған сүт, квас, қайың шырыны.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …