Украи́на — Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Украинаның халқын Мемлекеттік статистика мәліметтері бойынша 2016 жылдың 1 қазанына қарағанда — 42 465 460 адамды құрайды. Астанасы — Киев қаласы. Мемлекеттік тілі — украин тілі; орыс тілі кең тараған. Солтүстігінде Белоруссиямен, батысында Польшамен, Словакиямен, Венгриямен, оңтүстік батысында Румыниямен және Молдавиямен, шығысы мен солтүстік шығысында Россиямен шекаралас. Украиндар негізінен православтар, олардың ширегі — католиктер, сондай-ақ униаттар да бар. Дәстүрлі түрде – егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл халқының бір бөлігі әртүрлі кәсіптермен және қолөнермен – тері илеу-етікшілікпен, тон тігумен, көзешілікпен, балташылықпен, күбі жасаумен, иконажазумен шұғылданады. Дәстүрлі түрғынжайлары – балшықпен сыланған немесе жер едені бар ұзынша келген хаталарының қабырғалары әктеледі, сабанмен жабылған төбесі төрт еңісті болып келеді. Олардың дәстүрлі киімі бірнешеқабатты кешен деуге болады.
Әйел киімі кестелі ұзын туника үлгісіндегі жейдеден (кашуля), белдемше (спiдница) мен жеңсіз киімнен (кiрсетка) тұрады. Әйелдердің баскиімі: очипок пен орамал, қыздардыкі немесе үйлену тойында киетіндері – атлас ленталары бар гүлтәж. Ерлер костюмі жейдеден (кашуля), кең шалбар (портки) мен белбеуден тұрады. Жазғы баскиімі – сабан қалпақ (брыль) болып табылады. Украиндардың сыртқы киімі мәуітіден тоқылады. Дәстүрлі ас мәзірі: паляница — ашыған қамырдан пісірілетін дөңгелек нан, перепички — салындысы бар бәліштер, ірімшік, картоп, шие салынған варениктер, кеспе (локшина). Ұннан әзірленетін ежелгі тағамдар – кваша, лемишка, соломаха, галушка, затирка. Украиндарға тән өзіндік тағамдар – борщ (оны әзірлеудің көп тәсілдері бар), пампушкалар мен тұздалған сало.
Атақты украиндар: Леся Украинка, Иван Франко, Богдан Хмельницкий, Тарас Шевченко, Богдан Ступка, Александр Довженко, Николай Гоголь, Иван Кожедуб, Леонид Брежнев, Роман Виктюк.
Қазақстанда тұратын украиндардың санын 2016 жыдың басында 289724 адам, Шығыс Қазақстанда — 4660 адам құрады. Көрме залында тұрақты жұмыс істейтін «Біз— Қазақстан халқымыз» экспозициясында «Украиндар» бөлімі бар, онда украиндардың ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы тұрғын үйлерінің интерьерінен көрініс берілген. Мұнда, украиндардың костюмдері, рушниктер, керамика және ағаш ыдыс, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары назарға ұсынылған.
< Предыдущая | Следующая > |
---|