«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» атты жаңа көрме ашылды. Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшелері, 2012 жылдың мерейгер жазушы-журналистері: Әзілхан Нұршайықовтың, Мұқан Әбуғалиевтің, Тұрғазы Нұқаевтың, Серік Ғабдоллаұлының және Әлібек Қаңтарбаевтың мерейтойларына орай ұйымдастырылған.
Көрермендер назарына жазушы-журналистердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін, олардың фото суреттері, құжаттары, поэтикалық және прозалық жинақтары мен мемориалдық заттары ұсынылған. Көрме қор коллекцияларының материалдары, жазушы-журналистер мен туыстарының мұражай-қорыққа берген тартулары, сондай-ақ отбасылық мұрағат материалдары негізінде әзірленген.
Әзілхан Нұршайықов (1922-2011) – прозашы, Қазақ КСР-інің халық жазушысы (1990), Қазақ КСР Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының (1978), А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың (1987) лауреаты.
Мұқан Әбуғалиев (1927-2008) – аудармашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, республикалық маңыздағы дербес зейнеткер.
Тұрғазы Нұқаев (1937-2001) – ақын, З.Баянов атындағы облыстық журналистер жүлдесінің иегері.
Серік Ғабдоллаұлы (1937) – ақын. Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Сорос Қазақстан Қорының «Поэзия» аталымы бойынша жүлдесінің иегері. Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Әлібек Қаңтарбаев (1947) – прозашы, ақын, драматург, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, облыс әкімінің әдебиет саласы бойынша сыйлығының (2005, 2010), Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы сыйлығының (2007) иегері. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.
Көрме 2010 жылдың маусым-қазан айларында жұмыс істейді.
Тапсырыстар қабылданатын телефондар: 26-82-97, 26-85-29.
< Предыдущая | Следующая > |
---|