2014 жылғы 24 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында мұражай-қорық және Өскемен мен Семей епархиясы ұйымдастырған, православиелік Шіркеудің көрнекті қайтаркері, орыс жерінің тақуасы, Троица-Сергиев лаврасының негізін қалаушы – преподобный Сергий Радонежскийдің 700 жылдығына арналған «Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы» атты пасхалық көрме ашылды.
XIV жүзжылдық – бірыңғай Орыс мемлекетін және ұлттық мәдениетін қалыптастыру уақыты. Сол уақыттың ең беделді тұлғаларының арасында – рухани қайта дамудың және ұлттардың бірлесуінің символы болған «Орыс жерінің игумені». Көрме барлық православиелік әлемде кеңінен атап өтілетін мерейтойға арналған мәдени және шіркеулік іс-шаралар кезеңін ашады.
Көрме преподобный Сергий Радонежский өміріне шолу жасау болып табылады және келушілерді православиелік өнердің аса құнды мұрасымен таныстыруға шақырады.
Мұражай-қорық қорының, Семей қаласындағы Воскресенский собор шіркеу мұражайының, епархияның ғибадатханалық қоймаларының 150-ден астам жәдігерлері – иконалар, қолжазба кітаптар, құлшылық заттары, күміс окладтар, шіркеу керек-жарақтары, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және басқалар назарға ұсынылады.
Фото Алексея Мазницина
< Предыдущая | Следующая > |
---|