• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Шығыс Қазақстанның омарта шаруашылығы. Тарих және қазіргі заман. 2015

Шығыс Қазақстанның омарта шаруашылығы. Тарих және қазіргі заман. 2015

Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015

Оңтүстік Батыс Алтай аумағындағы омарта шаруашылығы XVIII ғасырдың ортасынан бері дами бастады. Бұған өлкемізде балды шөптер мен бұталардың мол өсуі себеп болды. Бал, сондай-ақ ара шаруашылығының басқа да өнімдері аймағымыздан тыс жерлерге де кеңінен танымал болып, атағы шықты. Көрмедегі ара шаруашылығының дамуынан мағлұмат беретін заттар, яғни көне және заманауи еңбек құралдары, мүкәмал мен омарташы киімі мұражай қорынан алынған, сондай-ақ «Пасека» шаруа қожалығы  мен Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының ҒЗИ берген бұйымдар назарға ұсынылған.

Экспозициядағы  жиһаздық сахналар омартаның құрылымы туралы, атап айтқанда, «постанов» пен ара үйшігі жайында түсінік береді. «Постанов» – ара ұялары тұратын жер, оған мал кірмес үшін, көбінеки,  қоршау қойылатын. Бұл жерде омарташы ара ұяларына түтіндеткішпен түтін сала отырып, жұмыс істейді. Ағаш діңіндегі  ара ұясының саңылауларын балшықпен бітеп тастау үшін омарташы өзімен бірге балшық салынған ыдысты алып жүретін. Өйткені ара ұяларын аюлар бұзып тастайтын, сондықтан омарташылар қақпан қойып, мылтық ұстайтын. Омартаға «көз тимесін» деп жылқының бас сүйегін іліп қоятын. «Омартада» қыс кезінде аралары бар ара үйшіктері тұратын, ал жаз кезінде балды балайдағыштар арқылы ағызып, ағаш қауғаларға құятын. Осы жерде басқа шаруалар  да атқарылып, бірқатар омарташылық мүкәмал сақталатын.

Бал – бүкіл отбасын самауыр жанына жинайтын тәтті тағам. Бал қосып, дайындалатын түрлі тағамдар әзірлеп, арнайы ыдыстарда бал сырасын ашытатын. Ара шаруашылығының басқа өнімдерінің арасында балауыз бағалырақ болатын, ол кәрезді балқыту арқылы алынады.

Біздің заманымызда омарташылық ойдағыдай дамуда, бұл салаға заманауи технологиялар, жаңа жабдық пен мүкәмал енгізілуде.

Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015Пчеловодство Восточного Казахстана.  История и современность. 2015

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …