• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Тірі жүргендеріңіз үшін рахмет... 2017

Тірі жүргендеріңіз үшін рахмет... 2017

Жеңіс күні – қайғы мен қуаныш алмасатын мереке. Биыл Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Тірі жүргендеріңіз үшін рахмет...» атты фотосуреттер көрмесі өтуде.  

Ол экспозицияда Ұлы Отан соғысына қатысқан және бүгінде көзі тірі 64 өскемендік ардагердің портреті қойылған. Көрмеге қырғын соғыстың нағыз  бетпердесі бейнеленген ескі ақ-қара түсті кадрлар, 1945 жылғы Жеңіс шеруі және рейхстагты алған солдаттардың оның баспалдақтарындағы шаттыққа толы тұстары негіз болып алынған.

– Жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп барады, - дейді экспозицияны ұйымдастырушылар. – Біз бұл турасындағы шаруаларымыздың дені атқарылмағанын есепке ала отырып, аталған көрмені келешекте толыға түсетін экспозицияның алғашқы бөлімі деп есептейміз. Соған орай қандай да бір себептермен осынау экспозицияның кейіпкері бола алмаған ардагерлердің туған-туыстарына музей-қорықтың Кайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан ғимаратына келіп, ардагер туыстарының қандай да бір фотосуретін әкеліп берулерін сұраймыз, Өйткені, келешек ұрпақтың жарқын өмірі үшін жан беріп, жан алысқан әрбір майдангер аталған галереядан лайықты орнын алуы керек.

Фотосурет арқылы көңіл-күй оңайлықпен берілмейтіні белгілі. Олардың жүздерінен сұм соғыс пен уақыт салған қайғы айқын көрінгенімен, одан бері қанша заман өтсе де көздеріндегі ұшқын өшпегендей. Әр майдангердің жанарында мұң ғана емес, сәл-сәл болса да жымиыс бар.

Көрме күндері оның залдарында ардагерлердің, студенттер мен оқушылардың қатысуымен тақырыптық кездесулер өтуде. Әр буын өкілдері осылайша өткен кезеңдердің зобалаңын ұмытпау үшін бас қосады.

– Соғыс басталғанда мен небәрі 11 жаста едім, - деп еске алады тыл еңбеккері Виктор Емильянович Спасов. – Ол кезде Ұлан ауданының Никитинка (қазіргі Бозанбай) ауылында тұратын едім. Өзім сияқты бұғанасы қатпаған балалармен дала төсінде жұмыс істейтінбіз. Майданға әкетілетін аттарды жарататынбыз. Ал Шемонаихаға көшіп барған соң кен-байыту фабрикасына орналастым.

В. Е. Спасов соғыстан кейін 27 жыл шахтада жұмыс істепті. Сол ерен еңбегі үшін оған «Қазақстанның құрметті шахтері» деген атақ берілген екен. Кездесу барысында оқушылар ардагердің сөздерін ұйып  тыңдап, көптеген сұрақтар қойды және ашық әңгімелесті. Ал шара соңында естелік суретке түсті.

Сіздерді музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында өтіп жатқан «Тірі жүргендеріңіз үшін рахмет...» атты фотокөрмені тамашалауға шақырамыз.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …