3 шілде күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында орналасқан көрме залында «Астана – бейбітшілік пен келісім тірегі» атты шағын көрме ашылды.
Онда көпшілік назарына Отанымыздың астанасы – Астана туралы баяндайтын кітаптар, фотоальбомдар, энциклопедиялар ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы сөз саптайтын басылым қойылды. «Нұрсұлтан Назарбаев. Тарихи жолда» атты ол кітапта жас мемлекеттің соңғы 20 жыл бедеріндегі даму жолдарын айғақтайтын басты оқиғалар келтірілген. РИА-Жаңалықтардың ретроспективті лентасы оқырманға көрнекті Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығының арқасында Қазақстан жеткен табыстар жайлы кеңінен әңгімелейді.
Экспозицияда піл сүйегінен жасалған түрлі кәдесыйлар мен шекмеленген панноларға, алтын адамның мүсініне және басқа да көптеген бұйымдарға ерекше орын берілген.
Көрмені ұйымдастырушылар күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|