• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Қазақстан жолы. Тұлғаның тарихи рөлі. 2021

Қазақстан жолы. Тұлғаның тарихи рөлі. 2021

2021 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Жоғары мемлекеттік лауазымына сайланғанына тура отыз жыл толады. Тұңғыш Президент Қазақстан тарихында Түркиядағы Ататүрік, Франциядағы Шарль де Голль, Малайзиядағы Махатхир Мохаммад, Сингапурдағы Ли Куан Ю, Қытайдағы Дэн Сяопин және т.б. сияқты әлемге әйгілі реформаторлардың өз мемлекеттерінің дамуында атқарған ауқымды рөлін атқарды. 1990-шы жылдардың басында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік дамудың барлық салаларында реформалау бағдарламасын әзірледі және ұлттық жаңғыртуды табысты жүзеге асырды. Назарбаев өзінің «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген даму формуласын ұсынды. Басқаша айтқанда, демократиялық институттарды дамыту үшін алдымен экономикалық дамуды жүзеге асыру қажет болды. Бүгінде бұл тәжірибе «Назарбаев моделі» немесе «Қазақстан жолы» деген атпен танымал. Бұл модельдің негізінде кезең-кезеңімен реформалар жүргізу кезінде ойластырылған мемлекеттік құрылыс жатыр. Егер Қазақстанның 30 жылдық даму тарихын жинақтасақ, онда еліміздің Тұңғыш Президентінің күш-жігерін реформалар мен дамудың үш негізгі кезеңі ретінде қарастыруға болады.

Маңызды мемлекеттік күн қарсаңында Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында «Қазақстан жолы. Тұлғаның тарихи рөлі» атты көрмесі ашылды. Көрменің негізін 2007 жылы Тұңғыш Президент музейінің ШҚО музей-қорыққа сыйға берген материалдары құрайды. Ең алдымен, бұл мазмұнды, бай көркем әдебиет: кітаптар сериясы, альбомдар, сирек кездесетін фолианттар, фотоқұжаттар, сондай-ақ кәдесый өнімдері, барлығы 70-тен астам экспонат. Көрме келушілерді Қазақстан қоғамтанушыларының Президент туралы әдебиетімен, сондай-ақ Елбасының еңбектерімен, оның ішінде «Қазақстан жолы», Қарағанды, 2006 жыл және «Еуразия жүрегінде» атты кітаптарымен таныстырады. Тәуелсіз Қазақстан туралы осы қатарды төмендегідей әдебиеттер толықтырады: «Тәуелсіздіктің 10 жылындағы Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы: құжаттар жинағының сериясы», «Қазақстандағы Президенттік билік: жемісті 20 жыл»  – Астана, 2010 ж. және тағы басқа. Сондай-ақ, көрермендер шығысқазақстандық жазушылардың Президентпен түскен суреттерін, сирек кездесетін фотоқұжаттарын көре алады.

Көрме жұмысы желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.  Оның негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған музей іс-шаралары өткізіледі.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото Сергей Суровтыкі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …