Мұражайдың Урицкий көшесі, 67 (қазір Қ.Қайсенов көшесі) мекенжайдағы ғимараты.
ШҚО халықтары мен азсанды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің «Бір шаңырақ астында» атты алғашқы тұрақты көрмесі 1991 жылы ашылған болатын, оған бес халықтың: украиндардың, белорустардың, немістердің, татарлар мен түркімендердің материалдары қойылған еді. Көрсетілген бұйымдар негізінен облыс бойынша жасалған ғылыми экспедициялар барысында жиналған. Бұдан басқа Белоруссия мен Украинаға сапарлар жасалды.