2000 жылы мұражайдың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында безендірілген «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты көрмеде 12 халықтың материалдық және рухани мәдениеті назарға ұсынылды. «Бір шаңырақ астында» атты көрмедегі бес халықтың: украиндардың, белорустардың, немістердің, татарлар мен түркімендердің материалдарына еврейлер, марийлер, мордвалар, әзірбайжандар, тәжіктер, корейлер жөніндегі заттар қосылды.
Материалдар бірінші залда көрнектерге орналастырылды, ал халықтардың ұлттық киімдері – манекендерге кигізілді.
Алғашқы зал Қытайдың ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы мәдениетіне арналды. Заттар тоғыз көрнектерге мына тақырыптар: эмаль, қалқалы эмаль, қытай фарфоры, лажылы кескіндеме, сүйек пен тастағы оймалар, қытай жібегі, буддизмнің құлшылық бұйымдары сияқты тақырыптар бойынша орналастырылды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|