2005 жылғы 26 желтоқсанда мұражайдың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы залында «Рождестволық шыршалар» көрмесі ашылды, сондай-ақ Христос Рождествосы поляк дәстүрінде қарсы алынды. Көрмені мұражай-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО халықтары ассамблеясының поляк мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Экспозицияда қор коллекциясынан алынған құлшылық заттары – «Дева Мария Мустика» мүсіні, поляк тіліндегі библия, «Сәбидің үңгірде тууы» деген рождестволық композиция, ХХ ғасыр басындағы пошталық ашықхаттар мен басқа да бірегей бұйымдар назарға ұсынылды. Кернейлеткен періштелері бар, европалық мәнерде безендірілген рождестволық шырша экспозицияға айрықша сән берді. Поляк мәдени орталығы жанындағы оқытушы Т.В.Хомич басқаратын «Акварелька» балалар изостудиясы мүшелерінің Христос Рождествосы үшін арнайы салған еңбектері зор қызығушылық туғызып, эстетикалық ләззат берді.
Көрменің ашылуына «Үміт» балалар үйінің жетім балалары шақырылды, олар Рождество туралы өлеңдер оқып, әндер айтты. Сондай-ақ осы іс-шараға Рим католиктік шіркеуінің өкілдері де шақырылды, олар библиялық сюжеттегі иллюстрацияларды көрсете отырып, Христос Рождествосын мерекелеу туралы қарапайым тілмен айтып берді. Серафим әкей мен монахинялар католиктік храм жиһазы атрибуттарының, сондай-ақ жанып тұрған шырақтардың жанында діни әндер орындап, қатысып тұрған барлық балаларға рождестволық сыйлықтар таратты. Мерекеге қатысушылар кеш соңында мерекелік астан дәм татты.
М.Резонтова.