• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан «Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесі («Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 90 жылдығына), 2011

«Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесі («Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 90 жылдығына), 2011

Облыстық сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы қалалық Орталық кітапханамен ынтымақтаса отырып «Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» атты көрме ұйымдастырды.  Көрмеге мұражай қорындағы жәдігерлер мен кітаптар, сондай-ақ Ольга Николаевна Черных пен Тамара Львовна Саттарованың жеке коллекцияларындағы сирек кездесетін басылымдар қойылды.

Құжаттардың, хаттардың, фотосуреттердің көшірмелері ШҚОММ дереккөздері негізінде жасалды Бұл аймақтық бөлімді 2003 жылы Т.Карпович дайындаған болатын.

Көрме «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің тарихы жайында сыр шертеді. Әдеби бірлестіктердің тарихын зерттеу ісіне біздің жазушы-өлкетанушы, тарихшы В.И.Деев елеулі үлес қосты. Оның кітаптары мен жарияланымдары да көрнектерден орын алды.

1921 жылы Шығыс Қазақстанда алғашқы «ЗвеноАлтая» әдеби бірлестігі құрылған болатын, ол өлкенің әдеби мұрасын қалыптастыруда үлкен роль атқарды. Николай Анов, Георгий Тотин, Валентина Бехли, Михаил Иванусьев-Алтайский және басқалар әдеби бірлестіктің ұйтқысына айналды.

Г.Д.Гребенщиков Қазақстанның Шығысындағы байсалды прозаның негізін қалаушы болып табылады. Оның Өскеменге келген жылы (1907) қаланың әдеби өмірінің бастау алған шағы деп саналады.

Біздің өлкемізде болған көптеген саяхатшылар, ғалымдар, жазушылар оның бірегейлігін атап өткен. Осы өңір қайталанбас таланттарды берді, өйткені олар Евразиялық қана емес, сонымен қатар әлемдік мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Олардың есімдері – Георгий Гребенщиков, Николай Анов, Александр Волков, Ефим Пермитин, Семен Герасимов және т.б.

Көрмеде атақты жерлестеріміздің кітаптары, олар туралы материалдар назарға ұсынылған.

Петрова Н. П.


Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. 2011 ж. Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. 2011 ж.
«Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. «Звено Алтая» әдеби бірлестігіің тарихынан» бөлімі. 2011 ж. «Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. «Волков А.М.» бөлімі. 2011 ж.
«Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. «Гребенщиков Г.Д.» бөлімі. 2011 ж. «Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. «Герасимов С.Н.» бөлімі. 2011 ж.
«Кенді Алтайдың алғашқы жазушылары» көрмесінен көрініс. «Пермитин Е..Н.» бөлімі. 2011 ж.
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …