• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Өткен күндер кереметі... 2011

Өткен күндер кереметі... 2011

2011 жылғы 19 маусымда Солжағалық кешендегі үлкен көрме павильонында «Өткен күндер кереметі...» көрмесі ашылды.

«Өткен күндер кереметі...» экспозициясы ХХ ғасырдың ортасында кереует тұсына құрылатын кілемшелер деп аталған, мұражай коллекциясынан іріктеліп алынған көне заман гобелендерін паш етеді. Сол кезеңде бұл заттар әдемі болып табылды және өте кең тарады. Негізінде, олармен бөлме қабырғаларын әсемдеді, балалар кереуеттерінің тұсына іліп қойды.

Бұл заттар тек әдемі ғана емес, сондай-ақ, олар Өскемен қаласында тұратын және мұражайға гобелендерін берген отбасылар  тарихының бір бөлшегі. Гобелен кілемшелер - біздің өлкеміздің және еліміздің жоғалып кеткен өзгеше тарихы.

Гобелен (фр. gobelin) - сәндік-қолданбалы өнерінің бір түрі, ол сюжеттік немесе ою-өрнекті композициялар бейнеленген түксіз қабырғалық кілем.

«Гобелен» сөзі XVII ғасырда Францияда пайда болған. Мұнда 1662 жылы осы саладағы барлық шеберханалардың басын қосқан ағайынды Гобеленовтардың корольдық мануфактурасының ашылуы болды.  Гобелендердің алғашқы өндірісі осылай пайда болды.

Алғашында «гобелен» сөзімен  ағайынды Гобеленовтардың корольдық мануфактурасында тігілген кілемдер ғана аталды, бірақ кейіннен бұл атау кеңінен қолданыла бастады.

Гобелендер картон бойынша, нақты көлемдегі дайындалған сурет негізінде тігілді.  Ұсынылған кейбір гобелендерден көрініп тұрғандай, бір картон бойынша бір-бірінен ерекшеленіп тұратын бірнеше гобелендер жасауға болады.

Ескерте кететін жайт, тоқымалы кілемдер қолмен тоқылды және көп уақытты қажет етті, сондықтан олар өте жоғары бағаланды.

Тек ХIХ ғасырдың басында конструктор Жозеф Мари Жаккар механикалық тоқама станогын жасап шығарды, сол себепті гобелен көптеп шығарыла бастады.

Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін гобелен кілемшелер олжа ретінде жаулап алған Германиядан әкелінді, ал кейіннен жедел түрде әскери қызметін өтеген солдаттар әкеле бастады.

Олжалы кілемшелер сіңіп кетті. Олар 1970-ші жылдарға дейін жаңа иелеріне қызмет етті. Түрлі сюжеттегі гобелендер интерьерге тамаша үйлесіп тұрды. Бұлар барлығымызға таныс ормандағы, тоған жанындағы бұғылардың, бұландардың бейнесі. Аққулар, тау пейзаждары, ауылдық үйлер, ертегі кейіпкерлері бар гобелендер әдемі және таңғажайып қиялдар әлеміне баурап алады.

Честнейшина Н. Н.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …