Алғаш рет! «ОТАНЫМЫЗДЫҢ БҰЛ ЖЫЛНАМАСЫ – ТАМАША АДАМНЫҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН»
Өскеменде 90-шы жылдардың басында Павлодарға жолдамамен «Казтаг» АА фототілшісі ретінде жұмысқа жіберілген, кеңестік және қазақстандық фотожурналистиканың мэтрі Николай Кузнецовтың «Ғасырлар тоғысында» атты фотожұмыстар көрмесі ашылды.
Көрмеге кезінде Павлодар облысын басқарған, Н.Кузнецов пен оның шығармашылығын білетін ШҚО әкімі Даниал Ахметов келді. Өңіріміздің бірінші басшысы мұражай-қорықтың «Алтай» галереясы залдарын рахаттана аралап, Павлодар өлкесінде жұмыс істеген жылдарын есіне алды. Сол уақыттарға қатысты бірнеше суреттерден Даниал Кенжетайұлын да көруге болады.
- Керемет суретші Н.Кузнецовты орасан зор ықыласпен есіне алды. Отанымыздың бұл тарихы – тамаша адамның көзқарасымен, - деп жазды Даниал Ахметов мұражайдың Пікірлер кітабына.
Сондай-ақ, Николай Кузнецов әр жылдары «ТАСС» АА және БЖА (Баспа және жаңалық агенттігі) фототілшісі болып жұмыс істеді, көптеген КСРО, ҚазКСР және ҚР марапаттары бар. Николай Кузнецовтың суреттері Одақтың және Ынтымақтастық елдерінің озық газеттерінде ғана емес, батыс баспасөзінде де басылды.
Өкінішке орай, бүгінгі күні шеберіміз ортамызда жоқ, ол 2014 жылы өмірден озды. Бұл көрме фотосуреттің майталман шеберін еске алу үшін өткізілуде. Қызықты фотоэкспозицияның ұйымдастырушылары Николай Кузнецовтың жерлестері, олардың қатарында «Александр Пархоменконың павлодар жарнама және полиграфия Орталығының» басшысы Александр Пархоменко бар.
– Николай екемізді тек фотосуреттер ғана емес, 39 жылға созылған достық байланыстырды, ол маған өмір бойы көптеген құнды кеңестер берді. Сол дәуірді біздің еліміздің адамдары көре алсын деген оймен оның үздік жұмыстарының көрме-мемориалын жасауға құлшыныс пайда болды. Екібастұзда көрме үлкен табыспен өтті. Өскемен қаласынан кейін оны Қарағанды мен Алматыда тосып отыр, – деді Александр Пархоменко.
Көрменің ашылуына Н.Кузнецовтың әйелі Вера Ливинцова келді: «Николай фотожурналистикаға шамамен 40 жылын арнады, сапалы сурет жасау үшін жолы қиын жерлерге шығып, сақтандырусыз жұмыс істеуден қорқпады. Бүгінде біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құруды ұсынды. Бұл суреттерде еңбек батырлары, өз ісін жақсы білетін және жақсы көретін адамдар назарға ұсынылған!»
Көрермен назарына Н. Кузнецовтың 200-ге жуық жұмысы ұсынылған. Бірақ олардың географиясы мен бағыттылығы шынымен де әсер береді. Индустриалды пейзаж жанрында орындалған фото, бұрыннан нағыз классикаға айналған, ал портреттік суреттер әлі күнге дейін еліктеу үлгісінің қызметін атқарады.
Сонымен қатар, Николай ұшақтың ашық тұрған есігінен парашютшіні түсіріп алған атақты фотосы да назарға ұсынылған, сол кезде оның өзін екі осал емес ер-нұсқаушылар аяғынан ұстап тұрған.
– Бүгінгі көрме айтулы оқиға – Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылып отыр. Николай Кузнецов өз жұмыстарымен біздің республикамыздың тәуелсіздік жылнамасын құрды. Дарынды фотожурналисттің үздік жұмыстарының көрмесін ұйымдастыруға бел буған оның достарына, жұбайына алғысымызды айтамыз, – деді мұражай-қорық директорының орынбасары Тамара Быкова.
Экспозицияның ашылуына Павлодардан атақты фотожурналист Жұмағали Сейтенов және Павлодар теледидар студиясының режиссері Ирина Кононенко келді.
Николай Кузнецовтың фотожұмыстары Өскеменде алғашқы рет көрсетілуде. Көрме жұмысы қаңтар айының соңына дейін жалғасады! Шақырамыз!
Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі.
Фото Алексея Мазницина, Александра Пархоменко и Жумагали Сейтенова