Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі, ҚР Кинематографтар одағының вице-президенті, «Гүлдер» ансамблінің негізін қалаушы, «Әлемдік кино тарихы маркаларда» кітабының авторы Меңтай Өтепбергеновтің жеке коллекциясынан. 2001 ж., 29 қараша – 6 желтоқсан, мұражайдың Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты.
Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған. Оны «ТV MEDIA» компаниясы ұйымдастырып, демеушіі болды.
Қазақ кинематографы жарқағаздарының бірегей коллекциясы назарға ұсынылды, ол Қазақстанның рекордтар кітабына енген және «Қазақфильм» киностудиясының өте сирек кездесетін фотомұрағаты болып табылады. Жарқағаздарда қазақ кинематографының аңызына айналған актерлар мен режиссерлердің фамилиялары көрініс тапқан. Ең көне плакат – бұл 1929 жылғы «Турксиб» фильмінің жарқағазы. 1945 жылғы «Абай әндері» фильміне ағайынды Стенбергтер орындаған және Халықаралық тізімдемеге енген жарқағаз ерекше қызығушылық туғызды.
Көрмеге 501 адам келді.