• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Менің мәңгілік гүлденген бағым...2013

выставка  авторских костюмов дизайнера, модельер-стилиста  Евгении Михайловны Бражниковой «Мой вечно цветущий сад…»В коллекции Е.М. Бражниковой  около 500 эксклюзивных моделей костюмов из натуральных тканей

2013 жылдың 5 шілдесінде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің Үлкен павильонында киім дизайнері, үлгіші-стилист Евгения Михайловна Бражникованың «Менің мәңгілік гүлденген бағым...» атты авторлық көрмесі ашылды.

Е.М.Бражникованың коллекциясында  15 жыл көлемінде жиналған 500-ге тарта  таза матадан тігілген бірегей киім үлгілері бар. Оның ерекшелігі  киімдерді соңғы түймебауына дейін белгілі бір үлгіде автордың өзі атқарғандығында.

Е.М.Бражникова Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген, Өскемен педучилищесінің мектеп бөлімін бітірген (1972 ж.).

Евгения Бражникованың киімдері түстердің композициясын мінсіз сезінуімен, ежелгі орыс және европалық бал көйлектерінің дәстүрлерін табиғи түрде қолдана білуімен, детальдардың конструкциясын құбылтуымен, қазіргі заман әйелінің көркем бейнесін жасаудағы романтизмі мен ақынжандылық танытуымен сипатталады.

Е.М.Бражникова  өз үлгілерін кеңінен көрсетуге 1994 жылдан бастап қатысып келеді. Алматыдағы «Бурда моден» баспасының 45 жылдығына (1995 ж.) орай өткізілген республикалық конкурстың жүлдегері, «Image» сән агенттігінің қолдауымен өткен облыстық сән фестивалінің (1998 ж.) және басқа да көптеген облыстық сән фестивальдарының лауреаты. Евгения Бражникованың киімдерінің коллекциясы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайында алғаш рет 1996 жылы көрсетілді.

Павловопосад кашемир басорамалдарын пайдалана отырып жасаған үлгілері Евгения Бражникова коллекциясының нағыз інжу-маржанына айналғаны сөзсіз.

Орыстардың кашемир басорамалдарының дәстүрге  енгеніне 200 жылға таяу уақыт болды. Экзотикалық Үндістанда таза жүннен қол тоқымашылығы техникасында орындалып, жеткізілген кашемир шәлілері Францияда Наполеон заманында сәнге айналған-ды. Өзіне тән шығыс суреті бар, қанық түсті шәлілер француз әйелдеріне ғана емес, сондай-ақ орыс ақсүйектеріне де ұнап, олар Парижден керемет қымбат кашемир шәлілер алдыртып жүрді. Мануфактуралардың іскер орыс қожайындары кашемир үлгісі бойынша жүн тоқымашылығының техникасын тез игеріп алды да, технологияны айтарлықтай жеңілдетіп, тоқылып шығатын өрнек  станоктарда арнайы бояулармен соғып түсіретін өрнекпен ауыстырылды. Суреттің сипаты да өзгерді, енді күрделі шығыс өрнегінің орнына, қара, қоңыр, жасыл, көк... түстердің аясында ертегідей құлпырған, солмайтын гүлшоқтар «гүлдеп шыға келді». Осындай техникада орындалған бас орамалдар айтарлықтай арзанға түсті және қоғамның әртүрлі топтары сәнқойларының жүректерін тез-ақ жаулап  алды. Өнер тарихына деген қызығушылық  Евгения Михайловнаны ұлттық киімнің тарихына жаңаша үңілтті, ал орыстардың кашемир басорамалы Евгения Бражникова үшін өзіндік бір ақпараттық-көркем үлгіге айналды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …